{metadescription}
Алматы облысында Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін мәдени орталық ашылды
Алматы облысында Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін мәдени орталық ашылды

Алматы облысында Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін мәдени орталық ашылды

Бүгін Шамалған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Елбасының кіндік қаны тамған жерден бой көтерген орталыққа Нұрсұлтан Назарбевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін экспонаттар қойылған. Ғимарат ашылмай жатып бүгін тағы бір ерекше дүниемен толықты. Тұңғыш Президент қоры 2000 жылдың басында мемлекет басшысы пайдаланған үкіметтік көлікті тарту етті.

Елбасының  «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының ашылуын шамалғандықтардың асыға күткені көрініп тұр. Күннің суығына қарамастан су жаңа ғимараттың алдына адап көп жиналды. Президенттің сыныптасары да осында. Қызыл жіптің кесілуі сол-ақ екен шашу шашылып, халық орталықты тамашалауға кірісті.

Орталық 4 экспозициялық залдан тұрады. Біріншісінен Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағын, үйі мен алғашқы мектебін, сондай-ақ еңбек жолының басталуын көруге болады. Қалғандарында Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, әлеуметтік экономикалық дамуы, еліміздің сыртқы саясаты бейнеленген. Экспонаттардың басым бөлігі президентке арналған бірнеше музейлерден алынған екен. Ол бүгін тағы бір ерекше сыйлықпен толықты. Тұңғыш президент қоры "Атамекен" орталығына мемлекет басшысы пайдаланған үкіметтік көлікті тарту етті.

Қанат Жұмабаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры:

-Біз бүгін тарихи мәні бар үлкен оқиғаға куә болып отырмыз. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін елеулі күн. Елбасы секілді тарихи тұлға  біздің жастарымыз теңелуге тырысып, өздері үшін дұрыс бағдар белгілеуінің, еліктеуінің айшықты үлгісі, ал оның идеялары мен еңбегінің жемісі халық игілігіне айналуы тиіс.

Жаңа нысанның әрбір дүниесін асықпай зерттеп, мол қызығушылық танытхан халық елбасына зор ықыласын білдіріп жатты. Ал Алматы облысының басшысы президентке қандай құрмет көрсетілсе де артық болмайды деп ағынан жарылды.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

-Ол кісінің істеген ісіне көше емес, қалалардың атын берсең де кем болмайы деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Атамкен» тарихи-мәдени орталығы демеушілердің қолдауымен бой көтерді. Елбасының өмірі мен саяси жолын көрсету арқылы жастарды патриоттық тәрбилеуге арналған нысан алдағы уақытта да жаңа экспанаттармен толыға бермек. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.