{metadescription}
Алматыда көліктер кептеліп тұр
Алматыда көліктер кептеліп тұр

Алматыда көліктер кептеліп тұр

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының маңы таңнан кешке дейін иін тірескен көліктер легінен сиремей тұр. Алматы-Бішкек тас жолына жөндеу жұмыстарының жүргізілуі жүргізушілерге қолайсыздық тудырып тұр.

"ҚазАвтоЖол" мәселені шешу үшін уақытша айналма жол салуға кіріскен. Базар жанындағы батыс бағытта ені 15 метр болатын үш жолақты жолға екі-үш күнде асфальт төселуі тиіс. Құрылысқа байланысты Ақсай көпірі жартылай жабылған. Жоспар бойынша уақытша айналма жолдың жұмысы бір апта көлемінде аяқталып, қолданысқа беріледі. Айта кетейік, ұзындығы 4 шақырымға жуық Алматы-Бішкек бағытындағы аумақты қайта жөндеу жобасы қарашада басталған болатын. Екі бағыттағы он жолақты жолдың жұмысы 2019 жылы аяқталмақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде