{metadescription}
Алматы облысында оңбай күйген баласына ота жасатпай жүрген анаға шара қолданды
Алматы облысында оңбай күйген баласына ота жасатпай жүрген анаға шара қолданды

Алматы облысында оңбай күйген баласына ота жасатпай жүрген анаға шара қолданды

Пештен шыққан өрттің кесірінен бүлдіршіннің 55 пайыз денесін күйік шалған. Алайда, ұлының мүгедектігіне қомақты жәрдемақы алып жүрген ана оны сол күйі емдетуге асықпапты. Салдарынан бала өскен сайын терісі тартылып, ақыр аяғы кісі шошырлық жағдайға душар болған.  

Денесінің жартысын күйік шалған Николайдың қазіргі жағдайы жүрек сыздатады. Екі жыл бұрын үйінде отырып өртенген балаға содан бері еш ем жасалмапты. Салдарынан, өскен сайын өз терісіне өзі сыймай, ақыр аяғында кісі шошырлық жағдайға душар болған. Жағы кеудесіне жалғасып, аузы жабылмай қалған. Күйген терінің тарылғаны сонша, бала қолтығын аша алмайды. Осы кейпінің кесірінен оны мектепке де қабылдамапты. Оған дер кезінде көмек көрсетпеген ақ халаттылар бар кінә анасынан деп отыр.              

Нұргүл Матжанова, Талғар аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Енді анасының салғырттығынан ғой. Қашып, таппайды кейде үйінен. Бүгінгі күннің өзінде аудандық әкімдіктегі қамқоршылық солардың іздеуімен үйінен таңертең шығарып алып келіп отырмыз. Соның өзінде бұл басқа кісілердің қарауында отыр. Туыстары емес, 6 баласы бар ананың қолына тастап кеткен. 

Оның өзінде де, қайырымды жандар баланың суретін ғаламторға салып, көмек сұраған соң ғана қимылдай бастаған. Кейін белгілі болғандай, бала көрінгеннің үйінде күнелтіп жүріпті. Күйіп қалған соң анасы да, туыстары да керек қылмаған. Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршінге тері жамау керектігін талай ескерткен екен. Десе де, анасы оның мүгедектігі үшін алатын 60 мың теңге жәрдемақысын қимай, тегін отаны жасатпай жүре беріпті.         

Нұргүл Матжанова, Талғар аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Хирургтың айтқанын тыңдағысы келмей тұр ғой операция керек деген. Ол кісі ойлайды, отаға барса, если мүгедектіктен 2-топқа түсіретін болса, онда ақша көлемі азайяды 17-40 мыңға. Содан қашады. Оның үстіне, ата-анасы естіп білдіңіздер, анасы ішімдікке салынған.

Салдарынан өсе келе аузын аша алмай қалған бала тамақты төгіп-шашып әрең ішеді. Өрттің кесірінен саусақтары да зақымдалған екен. Десе де, соған қарамастан сурет салғанды жақсы көреді. Сондай-ақ, кішкентай Николайдың өзінен бір жас үлкен әпкесі бар. Оны да әлеуметтік қызметкерлер көшеде жүрген жерінен тауып әкелді. 

Анасы ішкілікке салынған екі баланың көрмеген қиындығы қалмаған. Айтуларынша, Николай өртенгенде үйде ешкім болмай, осы әпкесі құтқарып қалыпты.   

Ал әйелдің өзі қазір наркологиялық диспансерде. Дәрігерлер оны маскүнемдіктен күштеп емдеп жатыр. Ал терісі тартылған бала 10 күн ішінде Астанадағы ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жіберіледі. Балаға онда тегін ота жасалады. Жаңа терісі жазылғанша, 1 жылдай мемлекеттің қамқорлығында болады. Ал 60 мыңға қызығып баласын қорлыққа салған ананың ісі алда сотта қаралмақ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.