{metadescription}
Маңғыстауда жантүршігерлік апаттың соңы алапат өртке ұласты
Маңғыстауда жантүршігерлік апаттың соңы алапат өртке ұласты

Маңғыстауда жантүршігерлік апаттың соңы алапат өртке ұласты

Қара жолда тағы да қасірет! Бұл жолы екі көлік соғысып, арты алапат өртке ұласты. Салдарынан, жүргізушілердің бірі темір тұлпарының ішінде тірідей жанып кеткен. Маңғыстаулық полицейлер осы сұмдық жол апатына қатысты тергеу амалдарын бастады.

Өліммен аяқталған апат кеше кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, Ақтау-Жаңаөзен трассасындағы жанармай бекетінен шыққан жеңіл көлік жолдың қарсы бағытымен жүріпті. Сөйтіп, алдынан жүк көлігі шыға келіп, екеуі қақтығысқан. Қатты соққыдан от тұтанып, Renault-тің (Рено) жүргізушісі іштен шыға алмай қалған. Ақыры түгі қалмай өртеніп кетті. Машиналар да күлге айналды. Құдай сақтап, жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі дін аман. Ол дәрігерлердің көмегін де қажетсінбеді. Қазір жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын сақшылар анықтауда. Олар сот-медициналық сараптамасын тағайындаған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.