{metadescription}
Алматыда балық аулауға кеткен  жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті
Алматыда балық аулауға кеткен  жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті

Алматыда балық аулауға кеткен жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті

Балық аулауға кетіп, оралмаған! Іле өзені бойында жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт іздестірілуде. 30 жастағы Эдуард Жұмаділов Алматыдан Бақанасқа бауыры екеуі балық аулауға барыпты. Алайда, табиғат аясында ау құрған ағайындылар әлдебіреулерден өлімші боп таяқ жейді. Кейіннен есін жиған ағасы қасындағы інісін таппай қалған. Су жағасында іс-түссіз жоғалған жігіттің жақындары дереу полицияға хабар берген. Бірақ, екі айдан бері Эдуардты көрдім-білдім деген тірі жан жоқ.                

Бұл жігіт екі айдан бері туған інісін өзен жағасынан іздеп, таппай жүр. Айтуынша, бауыры екеуі осында балық аулауға келіпті. Алайда, табан астынан пайда болған бір топ жігіт демалыстарының шырқын бұзған. 

Роман Шмеер, жоғалған жігіттің ағасы:

-Бірден төбелесті бастап кетті. Бірінші Эдуардты ұрды. Ол есінен таңып құлады. Біз қарсылық көрсете алмадық. Өйткені, қолдарында қару бар еді. Сонымен қорқытып-үркітті. Сосын көліктеріне мініп, іздерін суытты. Артынша, есімді жиып Эдуардты іздей бастадым. Бірақ, ол қасымда жоқ боп шықты. Жан-жақты қарап шықтым, бірақ сол күйі таппадым.

Романның айтуынша, оқиғаға жергілікті балықшылар куә екен. Күдіктілер оларды да соққыға жығыпты. Бірақ, қаскөйлерге ешқайсысы қарсы тұра алмаған. Өйткені, қолдарында қару болған көрінеді. Сөйтіп, балық аулағандарды ұрып-соққандар «Мазда» көлігіне мініп кетіп қалған. Олардың ізінше жоғалған Эдуард Жұмаділовтың кейін әр жерде киімдері табылыпты.

Жоғалған жігіттің туыстары жергілікті полицияға дереу хабар берген. Тәртіп сақшылары маңайды түгел тінтіп шыққан екен. Бірақ, Эдуард сол күйі табылмапты. Қамкөңіл жақындары оның тірі екеніне сенімді. Сондықтан аман-есен қайтарса деп сұрап отыр.

Татьяна Жұмаділова, жоғалған жігіттің анасы:

-Я думаю, что его удерживают. Что они его увезли. Больше некому.

Десе де, тәртіп сақшылары айдалада жоғалған жігітті іздеуді тоқтатқан жоқпыз деп отыр.

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облысы ІІД ресми өкілі:

-Жігіттің аяқ киімін таптық. Мүмкін ол өзенді жүзіп өтпек болған. Сөйтіп, жоғалып кеткен деп болжап отырмыз. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар да тартылды. Әлі іздеп жатырмыз. 

Ал күдіктілердің қолында қару болғаны рас боп шығыпты. Тапанша еш жерде тіркелмеген екен. Қазір ол бойынша Бақанас тұрғынына шара қолданған. Ал жоғалған жігітке әзірге олардың қатысы бар-жоғы белгісіз. Ал балықтан бауырсыз қайтқан Роман Балқаш ауданы маңайын іздеу салған. Тіпті, Іленің бойына да жоғалған інісінің суретін іліпті.   Қатты соққыдан Эдуард есін жоғалтқан болуы мүмкін дейді жоқтаушылар. Сондықтан, оны көрдім-білдім дегендерге полицияға хабарласуын сұрайды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде