{metadescription}
Павлодарда апалы-сіңлілі қыздар қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды
Павлодарда апалы-сіңлілі қыздар қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздар қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды

Павлодарда апалы-сіңлілі екі оқушыны қағып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты үкім шықты. 30 жастағы Наталья Пекнич ендігі екі жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.

Жеткіншектерді абайсызда қағып кеткен Пекнич бұл жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Бұған қоса, сот оны бес жылға дейін көлік басқару құқығынан айырды. Естеріңізге салсақ, апалы-сіңлілі оқушыларды осыдан төрт ай бұрын трамвай қағып кеткен болатын. 10 жасар Махаббат Масғұт сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі Марал жедел ауруханаға жеткізілген еді. Бұған дейін айыпталушыдан адвокаттары арқылы 1,5 миллион теңге моральдық шығын сұратқан Шынар Уәлитова кейін онысынан айнып, вагон жүргізушісін бас бостандығынан айыруды өтінген-ді. Осылайша тараптар ортақ мәмілеге келе алмады. Бірнеше ай уақытша қамауда болған сотталушының өзі соңғы сөзінде болған жайтқа қатты өкінетінін айтып жылап қоя берді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде