{metadescription}
Түрмеден шыққан әйел бұрыңғы күйеуінен балаларын тартып алды
Түрмеден шыққан әйел бұрыңғы күйеуінен балаларын тартып алды

Түрмеден шыққан әйел бұрыңғы күйеуінен балаларын тартып алды

Тартысқа түскен сәбилер. Петропавлда төрт жыл түрмеде отырып шыққан келіншек бұрынғы күйеуінен екі қызын күштеп тартып алды. 28 жастағы  Мәрияш Тоғжанова колонияға жіберілгенде үлкені екіде,  кенжесі 4 айлық болған екен. Енді міне 6 және 4-ке толған екі қызын сот шешіміне сай қайтарып алуға келген оған балалары көнбей, әкелерінен ажырамай қойды. Шешелерін мүлдем білмейтін бүлдіршіндердің жанұшыра айғайлаған дауыстарына қарамастан сот шешімін орындаушылар мен тәртіп сақшылары оларды анасына күштеп тартып әперді.

Еркек болса да, көзіне ерік берген Данияр Тоқжановты түсінуге болады. Төрт жыл бойы жалғыз өзі бауырына басып өсірген екі қызын енді сот шешімен сай бұрынғы келіншегі тартып алып жатыр. Бұған дейін Мәрияш балаларды «өз еркіңмен бер деп» талай келген екен. Онысынан түк шықпаған соң осы жолы сот орындаушысы мен тәртіп сақшысын бірге ерте келіпті. 

Екі қыздың бұлайша жанұшыра айғаулы тегін емес. Аналары түрмеге жіберілгенде үлкені екі жаста кішісі 4 айлық болып артында  қалған екен. Балалар  шешелерін қазір мүлдем танымайды. Бөтен әйел келіп бізді алып кетпекші деп ойлап жүр бүлдіршіндер.

Данияр Тоқжанов, балалардың әкесі:

-Білмейді оны, білмейді шешесін білмейді, олар басқа шеше деп ойлап тұр.  Другую женщину думают, қазіргі кезде мен онымен тұрып жатырмын.

Мәрияш Тоқжанова осыдан төрт жыл бұрын аяқ астынан миллионер болып шыға келіпті. Әкімдіктен тегін пәтер алып беремін деп сол жолы  31 адамды алдап соққан. Ал оның сөзіне имандай сенген жұрт жалпы көлемі  71 миллион теңгені 24 жасар келіншектің қолына ұстата салған.

Мәрияш түрмеде бос отырмай, тігінші мамандығын игеріпті.   Сонысын алға тартып, «қаладағы тігін цехында жұмыс істеймін, қыздарымды өзім тәрбиелей аламын» депті сотқа. Енді судьяның шешіміне сай Әдемі мен Айдана аналарымен бірге тұрулары керек.

Андрей Вахрамеев, сот орындаушысы:

-Балалар қарсы болсын, болмасын, олар анасымен бірге тұруы керек. Сот шешімі бойынша бүлдіршіндердің пікірі ескерілмейді. Күштеп тартып алуға хақысы бар. Анасы балаларын өзінің тұрақты мекен-жайына тіркеуге қоюы керек. 

Алайда аналарын мүлдем танымайтын Әдемі мен Айдана бөтен әйелдің неге өздерін қолынан тартып жібермей тұрғанын түсінбейді.Мәрияш Тоғжанова болса түрмеде барлық кінәсін түсінгенін, толығымен жазамды өтеп шыққанын алға тартып отыр. Енді өз балаларымды  өзім асырағым келеді дейді ол.  

Марияш Тоқжанова, балалардың анасы:

- Түрмеден шыққан жандар өмірдің мәнін жақсы түсінеді. Көбі аман-есен оралып, балаларымен тату-тәтті  өмір сүріп жатыр ғой. Менің олардан қай жерім кем?

Сәбилердің жанұшыра қасарысқанына қарамастан анасы ақыры қыздарын  алып кетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде