{metadescription}
Алматыда ірі жол апаты адам өмірін жалмады
Алматыда ірі жол апаты адам өмірін жалмады

Алматыда ірі жол апаты адам өмірін жалмады

Алматыда жол көлік апатынан 1 адам қайтыс болып, сегіз  жолаушы жарақат алды. Қайғылы оқиға қаладан Қапшағайға шығатын жолдағы көпірдің үстінде болған.

Белинский көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан Фольксваген Пассатты оң жағынан озбақ болған Субару жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалса керек. Жол ортасында шыр айналған. Ол алдымен неміс машинасын қағып, кейін қарсы бетке шығып Тойотамен бетпе-бет ұрылған. Соқынның қатты болғаны соншалық екі көліктің сау тамтығы қалмаған. Тойотаның жүргізушісі жедел-жәрдем көлігінде көз жұмды. Жарақат алған сегіз адамның төртеуі бала. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде