{metadescription}
Павлодарда пара алған  жас шенеунік сотталды
Павлодарда пара алған  жас шенеунік сотталды

Павлодарда пара алған жас шенеунік сотталды

Облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Жұлдыз Малдыбаева енді бұл әрекеті үшін миллиондап айыппұл төлеуі тиіс.

Екі ай бұрын қамауға алынған атқамінердің өзі сот залына әкелінбеді. Тура уақытша ұстау қапасынан бейнеконференция арқылы сот үкімін тыңдады. Іс материалдарына қарағанда, Малдыбаева жастарға арналған іс-шараларды ұйымдастырушыдан қызмет көрсету актісіне қол қою үшін әуелі 60 мың теңге сыйақы сұраған. Кейін оны азсынып, 200 мың теңге талап еткен. Сөйтіп, 29 жастағы атқамінер жұмыс орнында сол пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Ал шенеуніктің бұған дейін сотталмаған және кінәсін өз еркімен мойындағанын ескерген сот оған бастапқыда сұраған пара сомасынан 50 есеге артық, яғни 3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады. Бұған қоса, оны мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырды. Ал айыппұлды бір ай ішінде өтеуі тиіс. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде