{metadescription}
Алматыда жол көлік апатынан 1 адам қайтыс болып, 8  жолаушы жарақат алды
Алматыда жол көлік апатынан 1 адам қайтыс болып, 8  жолаушы жарақат алды

Алматыда жол көлік апатынан 1 адам қайтыс болып, 8 жолаушы жарақат алды

Қайғылы оқиға қаладан Қапшағайға шығатын жолдағы көпірдің үстінде болған.

Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан Фольксваген Пассатты оң жағынан озбақ болған Субару жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалса керек. Жол ортасында шыр айналған. Ол алдымен неміс машинасын қағып кейін қарсы бетке шығып Тойотамен бетпе-бет ұрылған. Соқынның қатты болғаны соншалық екі көліктің сау тамтығы қалмапты. Тойотаның жүргізушісі жедел-жәрдем көлігінде көз жұмды. Тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі бала. Екі жеткіншектің жағдайы қиын. Дәрігерлер олардың жарылып кеткен көк бауырын кесіп алып тастаған. Субарудың рөлінде болған азамат та жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандарының жағдайы қалыпты. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 4 АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

-Жол көлік оқиғасынан біздің ауруханаға төрт науқас жедел-жәрдеммен жеткізілген. Бір науқас реанимация бөлімінде ем жалғастыруда. Оның жағдайы ауыр қалыпты. Тұрақты деп есептеледі. Жағдайының ауырлығы басының жарақатына байланысты. 3 науқас жарақат бөліміне жатқызылған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.