{metadescription}
Астана әуежайында рейстер әлі кешігіп ұшып жатыр
Астана әуежайында рейстер әлі кешігіп ұшып жатыр

Астана әуежайында рейстер әлі кешігіп ұшып жатыр

Ал Астанада толассыз жауып тұрған қар әуежайдағы қозғалысты тоқтатып тастады. Елордаға үш күннен бері ұшақтар ұша алмай жатыр. Бүгін 11 ішкі рейс кешіксе, Алматыға баратын екі әуе кемесі мүлдем жолынан қалды. 

Нұрлан Шұғаев, Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың  Өндірістік басқару орталығының басшысы:

-Ішкі рейстердің жаппай кешігуіне ұшақтардың уақытынан кеш келуі себеп. Ал әуежай қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ұшу жолақтары ашық. Қарды дер кезінде тазалап отырмыз.

Бүгін Елордадан 11 рейс кейінге қалдырылған. Мәселен, Астанадан Таразға түскі 14-20 шығуы тиіс ұшақ түнгі 3-50-де  бір-ақ көкке көтеріледі. Павлодар, Шымкент пен Алматыға да ұшақтар бірнеше сағатқа кешіккен. Делиге бағыт алған ұшақ та жолынан қалып жатыр. Қалың қардан қаланың ішінде де қарбалас. Әкімдік жолдарды тазалап үлгере алар емес. Көшелерді қардан аршу үшін мыңнан астам техника мен 2 жарым мың жұмысшы тартылған. Синоптиктер бүгін де Елордада қалың қар жауып, боран болады деп отыр. Сондықтан мамандар жолға шықпауға кеңес береді.

Боранбай Болатбеков, «Астана тазалық» ЖШС бас директоры: 

-Біз бүкіл жұмысты қалада машина аз болғанда, кептеліс болмасы үшін түнде істейміз. Күндіз де отырған жоқпыз, істеп жатырмыз. Бүгінгі күні 1076 техника істеп жатыр. Мектептерге, балабақшаларға, ауруханалардың, кварталдың ішіне кіретін жолдардың барлығын тазалайды.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.