{metadescription}
«Эйр Астана" мен Алматы әуежайы ұшу жолағындағы апатқа қатысты дауласып қалды
«Эйр Астана" мен Алматы әуежайы ұшу жолағындағы апатқа қатысты дауласып қалды

«Эйр Астана" мен Алматы әуежайы ұшу жолағындағы апатқа қатысты дауласып қалды

«Эйр Астананың» ұшағы сапар алдында ұшып-қону жолағынан шығып кетуі - әуе тасымалдаушы компания мен Алматы әуежайы арасында жанжал туғызғалы тұр. Өйткені Алматыдан Бангкокқа бет алған ұщақтың жолдан тайып, батпаққа батып қалуына жолақтың қар мен мұздан дер кезінде тазаланбауы себеп-деп "Эйр Астана " әуежайдың жұмысын сынап тастаған еді. Ал бүгін Алматы әуежайы басшылығының берген түсініктемесі төтенше жағдай экипаж біліксіздігінің кесірінен болды дегенге саяды. Естеріңізге салсақ, өткен демалыс күні Тайландқа аттанбақ болған лайнерде 128 адам болыпты. Құдай сақтап, экипаж мүшелері...

н жолаушылар дін аман. Олар арада 6 сағат өткесін сапарларын жалғастырыпты. Айта кетейік, құрылысына 5 жарым миллиард теңге жұмсалған ұшып-қону жолағы жақында ғана қолданысқа берілген.

Алматыдан Бангкокті бетке алған  ұшақ  дәл осы жерде ұшып-қону жолағынан ауытқып кетеді. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, әуе кемесі солға бұрылып, екінші жолаққа қосылғанда көкке көтерілуі тиіс екен. Бірақ, бағытынан жаңылған ұшақ, шассиімен қара жерді сүзіп, әрең дегенде тоқтайды.

Тілек Әбдірахимов, «Эйр Астана» әуе компаниясының өкілі:

-Ұшқаты тоқтату үшін экипаж ұшақты артқа жіберу, реверс қолданған. Өйткені ұшақты дөңгелекпен тежеу мүмкін болмаған. Осы оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай кезінде ұшақ ішінде 128 адам болған. Арада 6 сағат өткесін, өзге ұшаққа отырғызылған олар сапарларын жалғастырады. Бірнеше рейстердің кестесі өзгерген. Бірақ, әуе компаниясының өкілдері апаттың нақты себебін әзірге айта алмаймыз дейді. Ал, бұдан бұрын ұшып-қону жолағы тайғақ болған деген ақпаратқа, әуежай басшылығы келіспейтінін айтты.

Айбол Бекмұхамбетов, «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ  президенті:

- «Эйр Астана» алғашқы хабарламасында бар кінәні әуежайға аудара салды. Осылайша біздің имиджімізге нұсқан келтірді. Шындығында, әуежайдың ешқандай кінәсі жоқ. Мамандар әр екі сағат сайын жолақты тексеріп отырады. Ауа-райы құбылса одан сайын жиілетеміз. Сол күні, сол сағатта ешқандай тайғақ болмаған. 

Әуе компаниясына өкпесі қара қазандай әуежай басшылығы, апатты құрықтауда аянып қалмай, аяқтарынан тік тұрғанын айтады. Қайраңдап қалған кемедей, дөңгелегі балшыққа батқан ұшақ арнайы техниканың күшімен әуежайдағы тұраққа жеткізілген. Кейбір бөлшектеріне зақым келгендіктен, жөндеу жұмыстары басталып кетіпті. Естеріңізге салсақ, 4 шақырмнан асатын ұшып-қону жолағы жақында жаңартылып, қолданысқа берілген болатын. Оның құрылысына 5 жарым миллиард теңге жұмсалған.

-Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Инвестициялар жəне даму министрлігінің Оқиғаларды тексеру департаменті қазір мəселенің мəн-жайын анықтап, жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тіпті, борттағы жазба құралы да тексеруге алынған. Бір анығы, Алматы халықаралық əуежайы басшылығының айтуынша, «Эйр Астанаға» тиесілі ұшақ бұрылатын сəтте ұшып-қону жолағында  сағатына 107 шақырым   жылдамдықпен жүйткіпті. Ал, əуе кемесінің жылдамдығына экипаж командирі жауапты екен. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.