{metadescription}
Шымкентте улы газға тұншығып, 4 адам өлді
Шымкентте улы газға тұншығып, 4 адам өлді

Шымкентте улы газға тұншығып, 4 адам өлді

57 жастағы әйел мен үш жиенінің мүрдесі үш күн бойы жатып қалып, тіпті иістеніп кетіпті. Жалдамалы пәтерге жаңа ғана қоныстанған оларды көршілері де танымайды екен. Ал сараптаманың қорытындысын күтпей-ақ улы газдан өлді деген шымкенттік шенеуніктер енді осы оқиғаны сылтау етіп, дербес жылыту қазандықтарын қойғандарға қарсы күрес жариялаймыз деп отыр.

Жаңа ғана қоныстанған көршілерінің өлігін көрген бұл үйдің тұрғындары қатты шошынып қалған. Олар 4-ші қабаттағы пәтерге өткен аптаның ортасында ғана келген егде жастағы әйел мен 3 немересі соңғы мәрте жұма күні көрніп, жым-жырт болды дейді. Ал жексенбі күні олардың өлігін алып шыққан. 

Валентина Файрушина, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Бұл пәтер үнемі жалдамалы болатын. Өткен сәрсенбі-бейсенбі күндері ғана осында 50-ден асқан әйелдің бірнеше кішкентай баламен кіргенін көрдік. Ал демалыс күні полицейлер келіп, пәтердегі тұрғындар туралы сұрап, ақыры есікті ашып кірді. Өліктерді көрген жоқпыз. Бірақ қатты иістеніп кетіпті.             

Болжам бойынша, Өзбекстанның 57 жастағы тумасы Дариға Қожахметова 10, 11 және 14 жасар жиендерімен бірге улы газға тұншығып өліпті. Бірнеше күн бойы телефондарын көтермей қойған соң туыстары оларды полицейлермен іздеп келіп тапқан. Қазір төртеуінің де мүрделері сараптамаға жіберілді.

Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Тартқыш болмаған.  Сондықтан жанған ауа қайта ішке қарай ұрған. Пәтер ішіне.

Төтенше жағдайлар қызметі мен газ мекемесінің басшыларын шақыртып, тілшілер үшін дереу баспасөз жиынын өткізген Шымкент әкімдігіндегілер вентиляциялық шахтаның бітелгенінен өзге жұрттың газ құрылғысын жаппай орнатқанына да наразылық білдірді. Шымкентте қазір 14 мың абонент заңсыз түрде автономдық қазандықтарды құрып алды деген басшылар, улы газдың шығуын нақ сол газ құрылғыларына сілтеп отыр. Ал газ құрылғысын орнатқан кезде елдің алған рұқсат ететін құжаттары жарамсыз болып қалған. Кінәні жылуды дұрыс бере алмаған өздерінен емес, амалсыз дербес пешке өткен жұрттан іздеген әкімдік тіпті тұрғындармен бірге тілшілерді де қаралайды.

Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

-Заңды бұзатын тәртіпсіз тұрғындар бізде. Оларға жәрдем беретін мына сіздер журналистер көбіне. Кешіріңіздер, шынымды айтайын.  2007 жылға дейін ыстық судан, жылудан мүмкін проблема болған шығар. 2007 жылдан кейін жылудан шынын айтқан кезде қатты проблема болғанын көріп жатқан жоқпын.

-Басшылар тек Шымкенттегі жылу жүйелерінің былтыр ғана күрделі жөндеуден өткенін ұмытқан сияқты. Оған дейін жұрттың жаурадық деп жылағанын тәртіпсіздікке балаған басшылар мыңдаған адамның құрған қазандықтарымен енді шындап күресеміз деп отыр. Ал, ел кезінде заңды түрде құжатпен құрған дербес пештерін бермейміз дегенін ескерсек әкімдік пен жұрт арасындағы шын текетірес енді басталатын сияқты. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде