{metadescription}
Петропавлдықтар жергілікті ботаникалық бақта бірқазанды жабылып асырап жатыр.
Петропавлдықтар жергілікті ботаникалық бақта бірқазанды жабылып асырап жатыр.

Петропавлдықтар жергілікті ботаникалық бақта бірқазанды жабылып асырап жатыр.

Елімізде Каспий мен Балқашта ғана мекендейтін құстың қысы қатты Қызылжар өңіріне қалай келгені белгісіз.

Мамандардың пайымдауынша, жылы жаққа ұшып бара жатқанда қанаты әлсіреген құс, үйірінен қалып қойған болуы керек. Оны Есіл ауданының тұрғыны көшеден тауып алыпты. Ұзындығы бір метр, салмағы 15 келіге жететін қанатты  күніне- кем дегенде үш келі балық жейді екен. Оны  біраз уақыт қорасында ұстап,  асырай алмайтындығын сезген иесі бұйра бірқазанды  жергілікті  ботаникалық баққа әкеліп тапсырған  . Енді теріскей жеріне таңсық құсты Қызылжарлықтар жабылып асырап жатыр. 

Сергей Шишкин,  СҚО ботаникалық бағының қызметкері:

 -Еріктілер екі күн бойы 15 келі балық жеткізді. Кеше 8 келісін  бір жас келіншек әкеп берді. Бұл ары кетсе екі-үш күнге ғана жетеді,  Құс күннен күнге өсіп, қанаттанып келеді, азық та көбірек керек. Бірақ үнемдеу үшін күніне үш келі балықтан артық бермейміз. Бізде қыстап шықса, көктемге қарай қайда жіберетінімізді көреміз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде