{metadescription}
Сауд Арабиясында кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді
Сауд Арабиясында кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді

Сауд Арабиясында кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді

Кино көру күнә емес. Сауд Арабиясында 35 жылдан кейін кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді. 2018 жылдың наурызынан бастап бұл саладағы жұмыс жанданады.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында кино ұлтқа және дінге қатер деген қағидамен көпшілік жерде көрсетілуге тыйым салынған еді. Биыл қаңтарда Сауд Арабиясының бас мүфтиі Абдул-Әзиз аш-Шейх кино- мәдениеттің азғын түрі деген мәлімдеме жасады. Ол мемлекетте Голливуд тұрмақ, Мысыр, Ливияда түсірілген фильмдерді көрстеуге рұқсат жоқ. Бірақ, бұл мәселедегі биліктің пікірі басқа. Мәденет және ақпарат министрі Авад бен Салех әл-авад кинотеатрды іске қосу жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика дамуының драйверіне айналады деген ойын жеткізді. 2030 жылға дейін Сауд Арабиясында 300 ге жуық кинотеатр ашылады деп жоспарланып отыр. Ал, одан араб экономикасы 24 млрд доллар пайда әкеледі деген жоспар бар.  

Кеше

21 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.