{metadescription}
Ұлттық қордың активтері туралы мәлімет
Ұлттық қордың активтері туралы мәлімет

Ұлттық қордың активтері туралы мәлімет

Қазақстанның халықаралық резервтері жыл басынан бері екі жарым пайызға азайып, 88 миллиард 441 миллион долларды құрады. Айта кетейік, бұл көрсеткіш жаздан бері құлдырап келеді. Тамыз айында ғана ол 92,2 миллиард доллар еді.

Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, еліміздің жалпы халықаралық резервтері де өткен айға қарағанда кеми түскен. Тек алтын қорымызда тұрақты өсім бар. Одан бөлек, Ұлттық қордың активтері қазіргі уақытта 57 миллиард долларды құрайды. Бірақ, бұл жыл басынан бері 6,87 пайызға төмендеп кеткенін білдіреді. Жалпы көрсеткіштегі жағдайды әлсіретіп тұрған да сол. Халықаралық валюта қорының дерегінше, Қазақстан халықаралық резервтері бойынша әлемнің 100 елі арасында 50-ші орында тұр.   

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде