{metadescription}
Елімізде баланы сүндетке отырғызу  ақысыз болуы мүмкін
Елімізде баланы сүндетке отырғызу  ақысыз болуы мүмкін

Елімізде баланы сүндетке отырғызу ақысыз болуы мүмкін

Дін істері министрлігі  мұсылманның  сүннетін тегін  мемлекеттік медициналық қызметтер  қатарына қосуды ұсынды.

Өйткені, қазір заң бойынша сүндетке отырғызудың  нақты талаптары жоқ. Сондықтан былтыр жазда қостанайлық хирургтар бір баланы  мүгедек  ете жаздаған. Соттың шешімі бойынша, медициналық клиника баланың   ата-анасына материалдық шығын ретінде небары 100 мың теңге төлеген. Осындай қатерді болдырмау үшін шенеуніктер жалпыға ортақ ереже енгізіп, сүндетке отырғызуды тегін медициналық қызметтің қатарына қосуды талап етіп отыр. Сондай-ақ, елімізде діни қатынас туралы  заңға да бірқатар  өзгеріс енгізіліпті.  Жаңа құжатқа сай, енді кәмелеттік жасқа толмаған ұл мен қызға  жалғыз мешітке кіруге шектеу қойылмақ. Бұл жасөспірімдердің жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін алдын ала  жасалған шара екен.

Берік Арын, Дін істері және азаматтық қоғам вице- министрі:

-Ата-анасының біреуі еріп баруы міндетті, бауырларының жақындарының, кәмелетке толған бауырлары, аталары, әжелері, ата-анасы  болмаса, заңды өкілдері еріп бара алады. Ал оларға мүлдем тыйым салу деген тұрған жоқ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде