{metadescription}
Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті
Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті

Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті

Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті. Ал олардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан әкелінеді екен.

Десе де, мәселенің себебімен емес салдарымен күрескен Денсаулық сақтау  министрлігінің жұмысы премьер-министрге ұнамай қалды. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, сапасыз ойыншық тасымалдайтын бизнесмендерге айыппұл төлеу түк емес. Оның үстіне шекараларда бақылау төмен. Сондықтан, улы ойыншықтар базарлар мен дүкен сөрелерінде толып тұр. Сол үшін премьер қауіпті тауарларды елімізге мүлдем кіргізбеуге тапсырма берді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

- Алда жаңа жыл келе жатыр. Жұрттың барлығы балалары мен немерелеріне ойыншық сатып алады. Сонда қауіптісін қалай таңдаймыз? Меніңше халықты құлақтандыру керек. Сауда үйлерінде улы ойыншық болса, сатылуына жол бермеуіміз қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде