{metadescription}
Путин мен Ердоған Трампты сынға алды
Путин мен Ердоған Трампты сынға алды

Путин мен Ердоған Трампты сынға алды

Путин мен Ердоған Трампты қолдамайды. Анкарада өткен кездесуде екі елдің басшылары әріптестерінің шешімін сынға алды. Ол Тель-Авивті Израильдің астанасы ретінде мойындамайтынын айтып, Америка елшілігін Иерусалимге көшірген еді. Бұған наразылықтарын Таяу Шығыс елдері ғана емес, бірқатар Еуропа қалаларының тұрғындары да білдіруде. Ал «Хезболла» қозғалысының өкілдері АҚШ елшілігіне басып кіруге талпынды.

Бейрутта басталған наразылық шарасы бүлікке ұласты. Ашынған адамдар АҚШ елшілігінің алдына келіп Америка мен Израиль туын өртеп, шу шығарды. Айтқан сөзге құлақ түрмей, өз талаптарымен шыққан тұрғындарды билік суатқышпен тұқыртып, тоқтатуға тырысты.

Иерусалимде де дәл осы көрініс. Ұрандаған, аттандаған адамдар. Бейбіт күннің шырқын бұзып, тыныштық бесігін шайқалтқан Трамптың әрекетін көпшілік кінәлайды һәм көне алмайды.

Хани Алмасри, саясаттанушы:

- Меніңше, ереуілге шыққандардың көбісі әділетсіздіктен шаршады. Қазір қимылдап, өз дегендеріне жетпесе ертең бәрі кеш болатынын түсінеді. Сондықтан, жазсықсыз жандар жапа шекпес үшін АҚШ билігі өз шешімін қайта қарауы керек.

Кейбір мәселеде бастары бір қазанға сыймай жүрген Путин мен Ердоған енді бір мүддеге жұмылғандай. Таяу шығыстағы тыныштықтың көбесі сөгілмес үшін Анкарада ақылдасуға жиналды. Әріптестерінің соңғы әрекетін әбестікке балайды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

- Ресей мен Түркия АҚШ тың Иерусалимді астана деп танып, елшілікті ол жаққа көшіруі Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге еш септігі тимейді деген ойда. Керісінше, бұл қадам өңірдегі наразылық шараларын ушықтырады. Мәселенің бәрі осыған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңбері аясында қабылданған келісім негізінде шешілуі керек.

Айтарын айтқанмен, Дональд Трамп енді  әліптің артын бағып жатқандай. Өз алаңдаушылығын білдірген өзге елдің басшылары мен халықаралық ұйымдардың шағымына әлі күнге ләм-мим деп тіл қатпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.