{metadescription}
Ақтөбеде көлік газының тапшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр
Ақтөбеде көлік газының тапшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ақтөбеде көлік газының тапшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр

Күш құрылымдары бірігіп, көгілдір отынның қайда жоғалып кеткенін анықтамақшы. Өйткені, бұған дейін шенеуніктерден бастап, газ сататын жанармай бекеттері иелерінің өздері тапшылықтың себебін жөнді түсіндіріп бере алмаған еді. Аталған аймақтағы тілшіміз Жаңалық Ахаш қазір тікелей байланыста.

-Қазір газ тапшылығына байланысты Ақтөбеде арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына әкімдіктегілерден бастап, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер департаментінің тергеушілері де кірген. Кіріс департаменті мен монополицияға қарсы мекеменің де мамандары шет қалмапты.

Желтоқсанда Ақтөбеге көлік газы өткен айлармен салыстырғанда артығымен бөлінген. Соның өзінде бұлай тарығып қалуға не себеп екенін ешкім түсінбей отыр. Сондықтан газ сататын кәсіпкерлер бағаны көтеру үшін әдейі қорды тығып отыруы мүмкін немесе өзге өңірлерге қымбатырақ сатуды көздеп отыр деген күдік бар. Оны енді тергеушілер анықтайды. Десе де, жанармай бекеттерінде газды әлі талонмен беріп жатыр, кейбірінде мүлдем сатылмайды. Қолма-қол ақшаға көлік газын сататын санаулы бекетте әлі ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер болса, бұл тапшылық қолдан жасалып отыр деген пікірде. 

Қайыржан Тағыберген, көлік жүргізушісі:

-Әдейі деп ойлаймыз. Сол қымбаттатудың амалы ғой.

Бұған дейін газ тасымалдаушылар қауымдастығының өкілі кәсіпкерлерді ақтап әлек болған еді. Өйткені газ тапшылығына еш қатысымыз жоқ деп сендірді. Газ сататын кәсіпкерлер зауыттан көгілдір отын жеткізетін жалғыз операторды кінәлап отыр. Енді оның ақ-қарасын арнайы комиссия анықтайдын болады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде