{metadescription}
Қарағанды облысында ғарыш кемесінен ажыраған капсула сәтті қонды
Қарағанды облысында ғарыш кемесінен ажыраған капсула сәтті қонды

Қарағанды облысында ғарыш кемесінен ажыраған капсула сәтті қонды

Жезқазған маңына «Союз МС – 05» ғарыш кемесінен ажыраған капсула сәтті қонды. Ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский мен АҚШ және Еуропа астронавттары Рендольф Брезник пен Паоло Несполи Арнайы құрылғымен аман-есен жерге түсті. 

 «Союз МС – 05» ғарыш стансасына 29 шілдеде аттанған болатын. Ғарыш кеңістігінде 139 күн болған мамандар негізінен зерттеу жұмыстарымен айналысты. Дегенмен олар ғарыштан жерге тікелей байланысқа көп шыққан экипаж болды. Италиялық Паоло Несполи ғарышта пицца жасаудың тәсілдерін көрсеткен. Америкалық астронавт шағын жасанды жер серіктерін ашық ғарыш кеңістігіне шығарса, Сергей Рязанский ғарыштан мектеп оқушыларына теңсіздік тақырыбында ашық сабақтар өткізіпті.

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде