{metadescription}
Сирияда қалған қазақ балаларының тағдыры не болмақ?
Сирияда қалған қазақ балаларының тағдыры не болмақ?

Сирияда қалған қазақ балаларының тағдыры не болмақ?

Сыртқы істер министрлігі Сирияда соғыста қаза тапқан отандастарымыздың балаларын елге қайтаруға кірісті. Мәліметтер бойынша қазір Таяу шығыста 400-ге жуық қара көз бүлдіршін жүр. Көбінің ата-анасы террористік топтардың сапында ажал құшқандықтан кішкентайлары жападан  жалғыз қалған.

Ардақ Мәдиев, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры:

- Жалған жиһадқа кетіп  жат елде қайтыс болған жерлестеріміз аз емес. Олардың санын нақты айту қиын. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті де білмейді. Белгілісі, олардың балалары босқындар лагерлерінде жүр. Енді сол ұл-қыздарды  қайтару үшін тиісті шаралардықолға алдық. Кейін оларды бейбіт өмірге бейімдеуіміз қажет.

Бірақ, оларды қайтару оңайға соқпайды. Өйткені, әке-шешесінен айырылған ұл-қыздар қақтығыс аймағында ұзақ жүргендіктен қайдан қашан келгенін айта алмайды екен. Тіпті, біразы соғыс даласында дүниеге келген. Енді министрлік сол жақтағы лагерге видеооператорды жіберіп, репортаж түсіруді жоспарлап отыр. Кейін оны ғаламторға салмақшы. Өйткені видеоны көрген біреу-міреу туыстарын танып қала ма деп үміттеніп отыр. Жалпы, дипломаттар Сирияда босып жүрген қазақ балаларын ғана емес, шетелде қиын жағдайда қалған азаматтарымызға да қол ұшын берудің тың әдісін тауыпты. Яғни, туристерге арнап мобилді қосымша шығарған. Осы арқылы шетелде сан-соғып қалған кез-келген қазақстандық көмек сұрай алады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде