{metadescription}
Үндістан азаматына тұрмысқа шығып, отбасымен араласпай қойған Ақмарал Әбдіхановаға қатысты жаңа дерек шықты
Үндістан азаматына тұрмысқа шығып, отбасымен араласпай қойған Ақмарал Әбдіхановаға қатысты жаңа дерек шықты

Үндістан азаматына тұрмысқа шығып, отбасымен араласпай қойған Ақмарал Әбдіхановаға қатысты жаңа дерек шықты

Үндістан азаматының етегінен ұстап, осы елде туыстарымен хабарласпай кеткен тараздық Ақмарал Әбдіханова АҚШ-та жүрген болуы мүмкін. Біздің дипломаттар оның ізіне түсіпті.

Ардақ Мәдиев, ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің диекторы:

-Бұл мәселені үнемі бақылап отырмыз. Оны әлемнің түкпір-түкпірінен іздестірудеміз. Соңғы мәліметтер бойынша, ол АҚШ-та болуы мүмкін. Бізге анасы осындай мәлімет айтты. Консулдықтағы әріптестерге шұғыл тапсырмалар берілді. Ақмаралды АҚШ-тан іздестіруге кірістік. Бізге қиындық туғызып жатқаны – қыздың өзі көмек сұрап, хабарласқан жоқ. 

30 жастағы Ақмаралға оның анасы іздеу салған болатын. Сәулехан Әбдіханованың айтуынша, осыдан 7 жыл бұрын үнді жігітімен Маврики аралына ілесіп кеткен қызынан төрт жылдан бері хабар болмаған. Бір анығы: Ақмарал Сэнди Тайлами деген жігітке тұрмысқа шығып, сол күйеу жігіттің дінін қабылдаған. Одан өзге ақпарат жоқ. Ал осы жылдың көктемінде зейнеткер мен оның үлкен қызының ұялы телефонына белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған. Бірақ байланыс жөнді болмапты. Бұл «құлдықта жүрген қыздың белгі беруі» деп түсінген анадан содан бері маза жоқ. Сөйтіп, Сәулехан Әбдіханова Сыртқы істер министірлігіне арыз жазып, перзентін тауып беруін сұраған еді. Бірақ күні бүгінге дейін іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Енді ананың үміті қайта оянғандай.       

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде