{metadescription}
Елімізде танымал әуе компаниясы рейстерін тоқтатуы ықтимал
Елімізде танымал әуе компаниясы рейстерін тоқтатуы ықтимал

Елімізде танымал әуе компаниясы рейстерін тоқтатуы ықтимал

СКАТ-тың ұшағымен ұшу енді қымбатқа түсуі мүмкін. Себебі, басы даудан арылмайтын әуе компаниясы желтоқсан айында алуы тиіс сұйық отынның 20 пайызға жетпейтін мөлшерін ғана алыпты. Енді билет бағасы шарықтап қана қоймай, кейбір рейстердің тоқтатылуы да ықтимал.

Мәселе, желтоқсан айында жеткізілуі тиіс 4 мың 875 тонна авиакеросиннің орнына бар-жоғы 780 тонна ғана түсіпті. Келісім-шартпен міндеттелген «ПетроСан» компаниясына сенгендіктен, өзге жанар-жағар май қоры да болмаған. Осының кесірінен тұрақты әуе тасымалы құрдымға кетіп, ел арасында онша мәлім емес «Алматы - Петропавл», «Алматы - Көкшетау», «Шымкент - Петропавл», «Қарағанды - Қызылорда» секілді рейстер мүлдем тоқтап қалуы да мүмкін.

Дмитрий Ульянов, SCAT әуе компаниясы жанар-жағар маймен қамту бөлімінің басшысы:

-Әкелінуі тиіс авиакеросиннің тек бестен бірін ғана алып отырмыз. Мұндай жағдайда ұшу кестеміз де құрдымға кетуі мүмкін. Егер жанармайды шеттен алатын болсақ бұл жолаушылардың қалтасына әсер етеді. Өйткені сұйық отын билеттің 40 пайызын құрайды.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде