{metadescription}
Оралда бірнеше адамды қырып салған қанішер өмірінің соңына дейін түрмеде отырады
Оралда бірнеше адамды қырып салған қанішер өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

Оралда бірнеше адамды қырып салған қанішер өмірінің соңына дейін түрмеде отырады

Өмірлік жаза кесті. Оралда екі келіншек пен үш жастағы бүлдіршінді пышақтап өлтіріп, артынан денелерін өртеп жіберген атышулы іс осылай бітті. Жасы 25-ке толмаған Әділет Қамалиев енді жазмыштың бәрін темір тордың арғы жағында көреді.

Әділет әу бастан-ақ осы сұмдық қылмысты жасағанын мойындаған еді. Өзі үйленген, екі баласы бар. Бұрын да ұрлық үшін отырып шығыпты. Бірақ, 23 жастағы Баянсұлу есімді келіншекпен көңіл қосып жүрген екен. Артынан марқұм одан теріс айналған. Бұған ашуланған жігіт сүйіктісі мен оның үш жастағы баласын және 23 жастағы құрбысын пышақтап өлтірген. Сөйтіп, қылмысын жасыру үшін көңілдесі жалдап тұрып жатқан үйді өртеп жіберіпті. Қанды оқиға қыркүйектің бесінде болған еді. Өртке оранған баспанадан екі келіншек пен үш жастағы баланың өлі денесі табылды. Ертеңіне олардың өрттен емес, кісі қолынан қаза тапқаны анықталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде