{metadescription}
Алматыда қыли көзді түзеу  үшін тегін операциялар жасалып жатыр
Алматыда қыли көзді түзеу  үшін тегін операциялар жасалып жатыр

Алматыда қыли көзді түзеу үшін тегін операциялар жасалып жатыр

Қылиды бір күнде түзеп берді. Алматыда түрік хирургтары көзінің кемістігі бар балаларға ота жасап, бір күннің ішінде назарын түзулеп берді. Отаның мұндай түрін біздің мамандар да жасағанымен, науқастың небәрі бір тәулікте түзеліп кетуі ерекше құбылыс екен. Ең бастысы, мұндай тегін оталар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жасалып жатыр.

Жасы әлі онға толмаған Светаға кеше ота жасалған. Бүгін екі көзі түзу. Дәрігер оның жағдайының дұрыстығына көз жеткізіп жүр. Светамен бірге 8 жасар Кирилдің де көзіне бүгін пышақ тиді. Екеуі де Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері. Кирилдің жағдайы қиынырақ. Оның қабағы да түсіп кеткен. Оған екі сатылы ота жасау керек.

Джем Йылдырым, «Gozakademi» офтальмологиялық клиникасының медициналық директоры (Түркия):

-Қазір екі көзінің біреуімен ғана көре алады. Бірақ, әуелі қабағын көтеріп алуымыз керек. Сосын көздерін түзейміз. Негізі екі ота бөлек-бөлек жасалуы керек. Бірақ, бұл жолы көзінің екі олқылығын біржола түзейін деп отырмыз.

Сондықтан да қиын ота болып саналады. Негізі мұндай ота жасау біздің елде де жақсы дамыған. Бірақ, бұның ерекшелігі, науқастың пышаққа түскенге дейінгі дайындығы мен отаның жасалу барысы, сонымен бірге, денсаулығының қалыпқа келуі де әлдеқайда тез жүреді екен.

Әсет Төлемісов, «Рахат» клиникалар желісінің бас директоры:

-Операция жүріп жатқан кезде операцияның уақытын кішірейту керек. Операциядан кейінгі реабилитация уақытын кішірейту керек деген сияқтыондай мағынада осы программаны жүргізіп жатырмыз.

Айта кетерлігі, түрік дәрігерлері де, оларға клиникалық база ұсынғандар да бар жұмысын тегін жүргізіп жатыр. Мұнысын жыл сайын қайталайтын шетел дәрігерлері биыл көз ауруларын таңдап алыпты.  

Халида Садықова, Қазақстандағы Түркия медицина туризмі қауымдастығының  директоры:

-Биыл біз нақ осы офтальмологиялық бағытты таңдадық. Дәрігерлер балалар үйінен 8 бүлдіршінді тексеріп, соның екеуіне ота қажет деген шешімге келді. Біз мұндай қайырымдылық бағыттағы шараларымызды әлі де жандандыра бермекпіз. Келер жылға үлкен жоспарлар қойып отырмыз.

Айталық, түрік клиникалары жыл сайын елімізден түрлі сырқатқа тап болған 500-ге дейінгі баланы қабылдап емдейді. Сонымен бірге, семинарлар мен тәжірибе алмасу шаралары да жиі өтіп келеді. Света мен Кирилға жасалған ота соның айғағы. Оларда енді өмірге деген түзу көзқарас қалыптасады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.