{metadescription}
Журналист Рахат Мамырбек өмірден озды
Журналист Рахат Мамырбек өмірден озды

Журналист Рахат Мамырбек өмірден озды

Қазақ журналистикасы кәсіби маманынан айырылды! Бүгін таңертең Алматыда белгілі журналист Рахат Мамырбек қайтыс болды. 9 күн бұрын инсульт алып, жан сақтау бөліміне түскен ол Алматыдағы ауруханалардың бірінде көз жұмған.

Марқұм 39 жылдық қысқа ғұмырында КТК арнасындағы «Алаң жұрт» бағдарламасында да жүргізуші болып, сол кездегі өзекті ақпараттарды халыққа өз аузымен жеткізген болатын. Ол осы уақыт ішінде журналистика саласында тынбай еңбек етіп, өшпес із қалдыра білді. Тірісінде еш атақ алмаса да, ақпарат саласының нағыз үздігі болды. Қызмет жолын Ұлттық арнадан бастап, әр жылдары түрлі телеарналарда жүргізуші, редакторлық қызметтер атқарған-ды. Ал, соңғы уақытта «Азаттық» радиосында қызмет еткен. Осында авторлық бағдарламасын шығарып, өткір материалдарымен көзге түскен марқұмның артында 5 баласы қалды. 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде