{metadescription}
Шымкент тұрғыны  жарылыс  кезінде бала-шағасын қалай құтқарғанын айтты
Шымкент тұрғыны  жарылыс  кезінде бала-шағасын қалай құтқарғанын айтты

Шымкент тұрғыны жарылыс кезінде бала-шағасын қалай құтқарғанын айтты

Шымкентте газ құбыры жарылып, соның салдарынан анасы мен қызын күйік шалды. Оқиға Тассай ауылындағы жер үйде болған. Мұнда газ құбырын биыл жазда ғана жүргізген екен. Құзырлы орындар оқыс оқиға үшін зардап шеккен үйдің көршілерін кінәлап отыр. Яғни көгілдер отынға заңсыз қосылғысы келген тұрғын құбырға зақым келтіріп, содан ақырын жиналған газ жарылыпты. Содан күйік шалған анасы мен қызының жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр.

Үйі жарылып, келіншегі мен қызын күйік шалған Қуаныш Сиқымбаев не істерін білмей абдырап жүр. Таңертең өзі жұмысқа, ал бірінші сыныпта оқитын қызын мектепке апару үшін үйден шыға бере тарс еткен дыбысты естіп, артынша толқынмен ұшып түсіпті. Өзінің де қолы күйген. Ал тұрғызылғанына 4 жыл болған үйі қирап қалды.

Қуаныш Сиқымбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Жарылыс болып, мен құлап түстім жерге. Үйден әйелім шығып келе жатыр жанып, құлатып ап оны өшірдім. Оның артынан қызым басы жанып келе жатыр. Құлатып оны өшірдім. Сол болғаны, ештеңе түсінген жоқпыз. Кішкентай балам бар еді, ол әйтеуір көрпенің астында аман қалды, ештеңе қылмаған Құдай сақтап.

Күйік шалған 30 жастағы әйел мен 6 жасар қыздың жағдайы тым ауыр. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Екі түрлі ауруханада жатқан олардың өмірі үшін дәрігерлер арпалысуда. Әсіресе, әйелдің денесінің жартысы күйіп қалған.

Мұхит Досыбаев, ОҚО жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы күйік бөлімшесінің меңгерушісі;

-Түскен кездегі жағдайы өте ауыр. Күйік шалуына байланысты қойылған диагнозы бойынша термиялық күю от-жалынмен 2-ші және 3-ші дәрежелі. Дененің 53 пайызын күйік шалған. Жағдайының ауырлығына байланысты қазіргі таңда жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. 

Бірер жыл бұрын ғана Шымкенттің құрамына енген Тассай ауылы табиға газды талай жылдан бері күткен еді. Бірақ сол арман болған көгілдір отын бақтан гөрі сор боп тұр.

-Тассай ауылының бұл учаскесіне көгілдір отын биыл ғана жүргізіліпті. Және абоненттердің бірі сол газ құбырына заңсыз қосылмақшы болған көрінеді. Яғни жер астындағы құбырды тесіп, өз үйіне жүргізген кезде құбырда жарық пайда болып, сызаттан сыздықтап жиналған газ жарылып, ақыры көрші үйдің шаңырағын шайқалтты.

Осы жағдайдан кейін газ шаруашылығындағылар бүкіл көшені көгілдір отыннан ажыратып тастады. Ал үйі жарамсыз болып қалған Қуаныш Сиқымбаев жарылыстан аман қалған ұлымен бірге туыстарының үйін паналап жүр. Қазір төтенше жағдай мамандары мен полицейлер осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастап кетті.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде