{metadescription}
Елімізде айыппұл төмендеді
Елімізде айыппұл төмендеді

Елімізде айыппұл төмендеді

Үкімет ереже бұзған көлік жүргізушілерге бірқатар жеңілдік жасамақ. Бұдан былай тек өрескел заң бұзғандарға ғана айыппұл салынады. Онда да қазіргіден бірнеше есеге төмен.

Мәселен, енді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналаған тұраққа машинасын қойғандарға 22 мың теңге айыппұл салынады. Бұрын жүргізушілер 113 мың төлейтін. Өзге де тыйым салынған жерге тоқтағандарға  айыппұл екі есеге азайды. Ал қарсы жолаққа шығып кеткен көлік иесі 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Қазіргі жаза бір жыл. Күндіз машинасының шамын жақпағандарға ескерту жасалады, ереже бұзу тағы қайталанса 7 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Полицейлерге бағынбай, қарсылық танытқандар бюджетке 68 мың теңге аударуы тиіс. Ал ұсақ ереже бұзғандарға көбіне ескерту жасалмақ. Сенат бірқатар өзгеріс енгізіп, төменгі палатаға қайта жіберген Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексті бүгін Мәжіліс мақұлдап берді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде