{metadescription}
БАҚ туралы жаңа заңның талабы қандай?
БАҚ туралы жаңа заңның талабы қандай?

БАҚ туралы жаңа заңның талабы қандай?

Журналистердің жұмыс тәртібі өзгерді. Тілшілер енді зорлық-зомбылық, қысым көрген баланың фото, видеосын жариялауға құқығы жоқ. Бүгін Сенат Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң жобасын қабылдады.

Сондай-ақ, теріс ақпарат тарап кетпеу үшін сотқа дейінгі дауларды жазып, түсіру тәртібі де өзгереді. Ал жаңа құжат бойынша, тілші мәдени шаралар, спорттық сайыстар мен көпшіліктің алдында сөйлеп тұрған адамдарды ғана рұқсатсыз видео, фотоға түсіріп, материалында пайдаланады. Және әрбір мемлекеттік органда журналистермен жұмыс істейтін арнайы өкіл болады. Олар тікелей бірінші басшыға бағынады. Бұдан былай мемлекеттік мекемелер ғана емес, бюджеттен ақша алып отырған ұлттық компаниялар да ресми хабарлама дайындауға міндетті. Ал шенеуніктер журналистердің сауалына қазіргідей үш күнде емес, жеті күнде жауап беруі тиіс. Тілші  адамның жеке отбасына, ауруына, коммерциялық, банктік және өзге де құпия мәліметтерін жариялау үшін иесінің келісімін алу қажет. Сенат қабылдаған құжат Елбасының қол қоюына жіберілді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде