{metadescription}
«Зор» фильмі көрермендерге жол тартты
«Зор» фильмі көрермендерге жол тартты

«Зор» фильмі көрермендерге жол тартты

Ауылдан қалаға келген боксшы жігіттің басынан өткен оқиғасы кімді де болса бей-жай қалдырмайды. 

Орындалмаған арман. Бас кейіпкер Айдын анасының қалауымен спортпен қош айтысып, ауылдан қалаға жол тартады. Өзге орта, жаңа достар. Шаһардың шым-шытырық өмірі оны шыр айналдырады. Алданады, жастықпен әр қызыққа малданады. Бірақ, боксшы болсам деген мақсат оның көкейін күндердің бір күнінде тесіп шықты. 

Еркебұлан Тоқтар, актер:
-Экшн мелодрамма.Ішінде төбелесте бар, драма да бар. Сатқындықта бар. Осының барлығын бір картинада көрсете білген. Басты кейіпкер Адина деген қызды жақсы көреді. Сол қызды жақсы көргендіктен ол сол махаббатына жету үшін барлық жақсылық-жамандықтардың барлығын жасайды.

Фильмнің бас продюсері Шапағат Орынбаевтың айтуынша туынды түсіру идеясы «Топ-томпақ» бейнебаянын көргеннен кейін келген. Кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі, күресі ескеріле отырып, фильмге «Зор» деген атау берілген. Айдынның боксшы болсам деген арманы орындала ма, әлде орта жолдан жігері мұқала ма? Спорттық тақырыптағы драманың немен өрбитінін білгісі келген көрермен кинотеатрда кезекті отандық туындыны тамашалай алады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.