{metadescription}
Елімізде ауа райына байланысты бірнеше жолдар жабылды
Елімізде ауа райына байланысты бірнеше жолдар жабылды

Елімізде ауа райына байланысты бірнеше жолдар жабылды

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты еліміздің бірнеше аймақтарында жолдар жабылды. Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты. Осыған байланысты түнде Ақмола, Қарағанды облыстарымен қатар көрші Ресейге шығатын тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қарағанды облысында да барлық бағыттағы  жолдар жабылса, соңғы күндері күн күрт жылынған Шымкентте де ауа райы бұзылып жатыр.

Шымкент екі күн бойы 17 градусқа жылып жаз шығып кеткен еді. Бүгіннен бастап күн райы құбыла бастады. Ондағы жұртқа қар жауып, арты боранға ұласады деген ескертпелер жасалып жатыр. Ал Павлодарда түнімен жауған жаңбырдың кесірінен  көшелер жалтыраған мұзға айналып, қозғалыс қиындаған. Салдарынан өңірдегі барлық мектептерде сабақ тоқтатылды. Қарағандыда да қардың арты жаңбыр болып, қалаға келетін жолдар түнде ақ жабылды. Салдарынан сапаран жалғай алмаған көліктер ұзын сонар кептелістерде қалды. Ал қаланың өзінде мұздың үсті малмандай су болып, түннен бері 6 жол көлік оқиғасы тіркелді. 5 адам ауыр жарақат алған. Көктайғақта Қарағанды - Жәйрем бағытында жолаушылар автобусы аударылған. Қайта көліктегі 43 жолаушы аман. Ал бүгін қалада көлік түгілі жаяу адамның жүрісі қиындады. Мұзда құлап жарақат алғандар күрт көбейіп, ауруханаға түскендер саны артты.

Боранқұл Махин, дәрігер:

- Аяқ-қолдарын сындырып келіп түсіп жатқандардың саны өткен аптамен салыстырғанда 1 жарым есеге артты. Қазірдің өзінде де түсіп жатқандар толастамай тұр. Бұдан да көп болады деген болжам бар. Өйткені мына еріген су түнге қарай қататын болса, жағдай нашарлайды.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.