{metadescription}
Таразда әріптестерін пышақтаған лауазымды полицей жеңіл жазамен құтылуы мүмкін
Таразда әріптестерін пышақтаған лауазымды полицей жеңіл жазамен құтылуы мүмкін

Таразда әріптестерін пышақтаған лауазымды полицей жеңіл жазамен құтылуы мүмкін

Таразда әріптесі мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысын пышақтады деп айыпталған Мұрат Үмбетәлиевтің жазасы жеңілдеуі мүмкін. «Бамбук» деген атқа ие оның тіпті ақталуы да ықтимал. Өйткені жәбірленушілер оған кешірім берді. Бүгін осы атышулы процестің соңғы отырысы өтті. Бірақ Марсел Жетпісбаев пен Ерлан Бектұрғанов белгілі себептерге байланысты оған қатыса алмады.

Ерлан Шамұрзаев, жәбірленушінің адвокаты:

-Қорғауымдағы азаматтардың арыздарын қолдаймын. Олардың Үмбетәлиевке моралдық, материалдық наразылығы жоқ. Бұл жерде офицерлік келесім бар. Бектұрғанов, Үмбеталиев, Жетпісбаев бұлар полковниктер. Әлбетте жасаған әрекеттері дұрыс болмады.  Сот мырза, жаза тағайындауды сіздің құзыретіңзіге қалдырдық. Біз жақтан келіспеушілік болмайды.

Бүгін сот ісі аяқталып, тараптар қортынды сөздерін айтты.

Сөз алған мемлекеттік айыптаушы Үмбетәлиевті 15 жылға түрмеге жабу керек десе, оның адвокаты қорғауындағы экс-лауазымды полицейді қылмыстық кодекстің жеңілірек, яғни «қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру» бабымен жауаққа тартуды сұрады. Бұл баппен айыпталғандар қомақты айыппұл төлейді немесе бір жылға түрмеге қамалады. Еске салсақ, тамыз айында облыстық экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы өзінің әріптесі криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен аудандық қалыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевты бизнес орталығы маңында пышақтаған болатын. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде