{metadescription}
Алматыда қызметкерлерін құлша жұмсаған басшының былығы ашылды
Алматыда қызметкерлерін құлша жұмсаған басшының былығы ашылды

Алматыда қызметкерлерін құлша жұмсаған басшының былығы ашылды

Тәуліктеп жұмысқа жегілген! Алматыда мемлекеттік ауруханалардың бұрынғы күзетшілері басшыларынан көрген қорлықтарын жайып салды. Олар мекемелерді 3 күндеп ұйқысыз

қарауылдауға мәжбүрленіпті. Күзет компаниясының директоры алпысты алқымдаған кісілерге дейін адам құрлы қарамаған. Ал маңдай терімен тапқан ақшаларын бермепті. Ызалы топ жарты жылдан бері айлығын алмақ түгілі, басшыларын таппай жүр.

Құлдай қызмет еткен күзетшілердің мұңы бір. Бәрі де басшыларының әбден басынғанына ызалы. Директорлар алпысты алқымдаған кісілерге қария демей, әйелдерді нәзікжанды деп аямаған. Бәрін 3 күндеп ұйқысыз жұмысқа жегіпті. Тіпті, кейбірін ұрып-соғуға дейін барған көрінеді.

Кәдірбай Рахметов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мені  үшінші күнге қалдырып жатыр  бұл бала. Маған аузына келгенін айтады. Көкең болса бар, анау-мынау деп. 

Күнкөріс қамы үшін күзетшілер бұған да көніп келгендерін айтады. Бірақ, соңында маңдай терімен тапқан ақшаларынан қағылған. Яғни, жарты жылдан бері басшылары жалақыларын бермей, қинап

жүр.

Құттымұрат Ерсалиев, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны:

- Мен басталған күннен бастап 202 мың ақша алуым керек. 1 тиын ақша алмағам. Міне жаңа жыл келе жатыр. Жаңа жылға қоятын дастарханымызға қоятын дым жоқ.

Қалқаман ықшамауданында орналасқан бірінші, жетінші ауруханаларды күні-түні күзеткендерге басшылары жалпы соммасы 5 миллиондай берешек екен. Сол ақшаны күтемін деп 50-ге жуық жұмысшының өздері де белшеден қарызға батқан.

Ауруханадағылар күзет агенттігіне тиісті қаржыны уақытылы аударыпты. Ал, атышулы компания қазір атауын өзгертіп жіберген. Десе де, қызметін бұрынғыша жалғастыруда. Бірақ, бүгін оның басшылары ұшты-күйлі жоқ. Бір кеңсесі тарс жабық, енді бірінде директордың орындығы бос тұр.

Жұмысшыларын жалақыға жарытпай қойған компания қаладағы 30-дай ірі нысанға қызмет көрсетеді екен. Соған қарамастан, бұған дейін де күзетшілерін сан соқтырып кеткен. Естеріңізге салсақ,

жыл басында «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің қарауылдары да айлықты айлап алмағандарын айтып, наразылық білдірген болатын. Олар да осы даулы агенттікке қарайды. Сол шу шыққанда компания директоры күзетшілерге уәдені үйіп-төккен еді. 

Сырым Үсен, «ASM Service» күзет агенттігінің директоры:

-Әр айдың өзінің бір себептері бар. Аптаның соңында шешіледі. Болды, басқа ештеңе айтпаймын мен.

Бастапқыда мына жұмысшыларды да дәл осылай сендіріпті. Бірақ, оның бос сөз екеніне көзі жеткен күзетшілер сотқа шағымданып үлгерген. Ең қиыны, компания директоры  түрлі сылтау айтып, бұлармен ресми келісімшартқа отырмапты. Сондықтан, қарауылдардың ақшасын өндіріп алуы екіталай. Десе де, ашынған жұмысшылар өз ақшамызды қолымызға алмай тыныштық таппаймыз деп отыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.