{metadescription}
Алматыда екі тонна отшашудың көзі жойылды
Алматыда екі тонна отшашудың көзі жойылды

Алматыда екі тонна отшашудың көзі жойылды

Заңсыз пиротехника саудасы тыйылмай тұр! Контрабандалық отшашумен жаппай күресіп жатқан алматылық сақшылар 1 аптаның ішінде 2 жарым мың тонна тауарды тәркілеп, айналымнан шығарыпты.

Мереке қарсаңында пиротехникаға сұраныс артатыны белгілі. Ал, рейдке шыққан мамандар заңсыз жолмен жарылғыш заттар саудасын қыздырғандарды әкімшілік жазаға тартыпты. Онда да, әрқайсысы 55 мың теңге айыппұлмен құтылған. Негізі жаңа жылдық отшашуды сату үшін кәсіпкерлерде арнайы лицензия болуы шарт. Әрі тауарлар арнайы секцияда сатылуы тиіс. Тіпті, отшашуларды сақтаудың өз тәртібі бар. Бірақ, мұның бәрі шығын болғандықтан, сатушылар ережені пысқырмайды. Сапасыз жарылғыш заттар, әсіресе, базарларда аяқ аттам жерде сатылуда. Ал, полицейлер мұндай өнімдердің адамдарды жазым етуі мүмкін екенін тағы ескертеді. Мәселен, жаңа жыл кезінде пиротехниканың кесірінен болатын өрт оқиғалары көп. 2014-2016 жылдар аралығында осындай төтенше жағдайдан 162 адам зардап шеккен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде