{metadescription}
Алматыда ақша беріп қыздарды шешіндірген блогер жазаланды
Алматыда ақша беріп қыздарды шешіндірген блогер жазаланды

Алматыда ақша беріп қыздарды шешіндірген блогер жазаланды

50 мың теңге беріп, қыздарды елдің көзінше шешіндергендер ақыры жазасыз қалмады! Алматы соты түнгі клубтағы ұятсыз шоуды ұйымдастырған атышулы Айжан Байзақованы 3 тәулікке абақтыға жапқан. 22 жастағы "әлеуметтік желі жұлдызының" масқара әрекеті сол әлеуметтік желілерде тарап, жұрттың ашуын туғызған болатын.

Ақша ұсынып, қыздарды осылай тыр-жалаңаш шешіндірген қылығы үшін Базақоваға әкімшілік хаттама толтырылып, қолына кісен салынған. Тентек қыз кінәсін де толық мойындапты. Айта кетейік, Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі белсенді блогерлердің бірі. Ол парақшасына жалаңаш суреттер жүктеп, тікелей эфирде түрлі әдепсіз қылықтар жасауымен танымал. Жалаңаштанғанымен қоймай жас қыз оқырмандарының алдында шылым шегіп, ішімдік ішуден де тайынбайды. Соның арқасында парақшасындағы оқырмандар күн санап көбеюде. Басым бөлігі жастар. Қазақы менталитетті жоямын деп тәнін көрсетіп, ойына келгенін жасап жүрген Байзақова енді 3 күнін қамауда өткізеді.

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде