{metadescription}
Сарапшылар теңгенің құлдырауына қатысты сараптама жасады
Сарапшылар теңгенің құлдырауына қатысты сараптама жасады

Сарапшылар теңгенің құлдырауына қатысты сараптама жасады

Жылды қалай бастасаң, дәл солай аяқтайсың. Бұл нақылды ұлттық валютамызға қатысты қолдансақ болады. Жылдың басында долларға шаққанда бағам 333,2 теңге болса, қазір де 333,1 төңірегінде саудаланып жатыр. Төл ақшамыздың тоқсан сайын қалай құбылып отырғанына экономисттер сараптама жасапты.

Бірінші тоқсан. Қаңтарда бір доллардың құны 333,2 теңге болды. 3 айда ол 20 теңгеге нығайып, наурызда 313,7 теңгеден сатылды.  Жыл басында Америка ақшасы барлық валютаға қатысты 2,2 пайызға төмендеген еді. Экономист бұны АҚШ тағы сайлаумен байланыстырған.

Екінші тоқсан. Теңге әлсіреуді бастады. Сәуірде 313,7 теңге тұрған доллар маусымда 320 -ға жетті. Бұл жолы теңгенің теңселуіне мұнай бағасының құбылуы себеп болған.

Үшінші тоқсан. Теңге құлдырай түсті. Және доллар осы жылдағы шарықтау шегіне жетті. Шілдеде 320 тұрған шетел валютасы қыркүйекте 341 ге бір-ақ барды. Тіпті мұнайдың 20 пайызға көтерілуі де теңгеге көмегін тигізбеді.  Ал, соңғы үш ай қайта қалыпқа оралу маусымы болды. Қазанда 341,3 болып тұрған доллар қазір ақша айырбастау орындарында  333 теңге шамасында саудалануда. Дегенмен осы тоқсанда ақшамыз аз уақытқа 345 ке дейін құлап барып қайта тұрды. 

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде