{metadescription}
Елімізде кәсіпорындардың қарызы 4 миллиард  теңгеге жетті
Елімізде кәсіпорындардың қарызы 4 миллиард  теңгеге жетті

Елімізде кәсіпорындардың қарызы 4 миллиард теңгеге жетті

Жылудың қарызы өтелмесе, 5  қала қыс ортасында қатып қалуы мүмкін. Энергетика министрі бүгін Үкіметте қарызға жылынып отырған қалалары атады.

Коммуналдық мекемелер елге газ тарататын орталық операторға 6 миллиард  теңгеден астам берешек болып қалған. Одан бөлек мекемелердің көмір үшін 700 млн теңге қарызы бар. Бұл жылу беру маусымы алдындағы қыркүйектегі қарыздан екі есеге артық. Демек кей қалалар өткен қыстың қарызын жаппай, биыл да қарызға жылынып отыр. Мәселен, Маңғыстау атом-энергетика комбинаты 4 млрдқа жуық, Алматы бір млрдтан астам, Ақтөбе 476 млн, Орал 630, Тараздың 178 млн теңге қарызы бар. Өткен жылдың қарызын қайтара алмай отырған Бозымбаев әкімдерге салмақ салды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Жылу беруді қыс ішінде үзбеу үшін аталған өңір әкімдерін мекемелердің ҚазТрансГаз Аймақ және Богатырь Көмір алдындағы қарыздардың өтелуін қамтамасыз етуді сұраймын. 

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде