{metadescription}
Шығынға батқан диқандар Шөкеевке мұңын шақты
Шығынға батқан диқандар Шөкеевке мұңын шақты

Шығынға батқан диқандар Шөкеевке мұңын шақты

Еліміздің диқандары шаш етектен шығынға батқалы тұр. Өйткені, бидайға сұраныс азайып, баға арзандап кеткен. Шаруалар  жыртығын жамау үшін астығын арзанға сатуға мәжбүр.

Әуезхан Дарынов, «Қазақстан фермерлер одағының» президенті:

-Бидай нарығы қазір тоқтап тұр. Сауда мүлдем жоқ. Астық бағасы тоннасына 37 теңгеге дейін түсіп кетті. Кейбір шаруалар өзіне шығын келсе де өнімін осы бағамен сатуға мәжбүр. Өйткені, несиесін төлеу керек.  Төлемесе пайыз қосылып кетеді.

Диқандар күзде жинап алған астықтарының тек 20 пайызын сатып үлгерген. Қалған 5-6 миллион тонна өнім қамбада жатыр. Шырылдап көмек сұраған шаруалардың 2 млн тонна бидайын Үкімет шығынға кетірмей 42 мың теңгеден сатып алатын болды. Қалған 4 млн астықтың жайы белгісіз. Мол өнімді іске жарыта алмай отырған шенділер, келер жылы қуаңшылық болады, қор жинап алу керек деп болжайды. Десе де, құны қашқан астықтың барлығын сатып алуға құлықсыз. Елдегі бидайдың бағасы да бензиндей көршіге тәуелді болып шықты.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Нарықтағы жағдайды сараптап келіп соны анықтадық. Қазір әлемдік деңгейде бағалар өскенімен, біздің ішкі нарықта бағалар төмендей бастады. Мұның себебі, әрине Ресейде өте жоғары астық алынды биыл. Ол шекарадан бері қарай өтіп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде