{metadescription}
СҚО-да немересін тірідей өртеген кейуана ұзақ мерзімге сотталды
СҚО-да немересін тірідей өртеген кейуана ұзақ мерзімге сотталды

СҚО-да немересін тірідей өртеген кейуана ұзақ мерзімге сотталды

Үрейлі іске үкім шықты! Солтүстік Қазақстан облысында өгей немересін тірідей өртеп жіберген әйелге қатысты сот шешім шығарды. Алпысты алқымдаған зейнеткер асқан жауыздығы үшін 17 жылды арқалады. Қартайғанда түрмеге тоғытылған қарияға бірде-бір туысының жаны ашымады. Керісінше, сұмдық іске барған әжелерінің қапастан тірі шықпауын тіледі.   

Күллі Дубровое ауылын дүр сілкіндірген сұмдық оқиғаға бүгін соңғы нүкте қойылды. Бір жасқа да толмаған шақалақты отқа тастай салған әйелдің жүзіне қарамаған күйі 17 жыл жаза кескен судья, жауызды тезірек сот залынан алып кетуді бұйырды.  Әрі баланы өртеп, жауыздығымен жұртты шошындырған Любовь Русалиев түрмеде ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделеді деп шешілді. Осылайша, өгей немересін өртеп өлтірген әйел жазасын алды. Ал болған жағдайдан соң ауылдастарының бетіне тіке қараудан қалған қызы болса, өгей анасының  түрмеден мүлде шықпауын тілеп отыр.

Олеся Грудинская, жәбірленуші:

-Қызымнан садаға кетсін. Қалай ғана жаны ауырмай баланы отқа лақтырды десеңізші?! Жазасы дұрыс! Анамды ешқашан кешірмеймін! Шірісін түрмеде!

Любовь Русалиева қызы Олесяны шақалақ кезінде асырап алған екен. Оны өсіріп-жеткізгенімен, неге екені белгісіз, одан туған балаларға сол күйі бауыр баса алмаған. Туыстарының айтуынша, тіпті, қызы ажырасып келгенде балаларды жақтырмайтынын ашық көрсетіп жүріпті.     

Лариса Сургутская, сотталушының туысы:

-Оның бұрын да қолына түскен затты өртеп жіберетін әдеті бар етін. Баланың емізігін, одан кейін фотоаппартты жоқ қылды. Сосын телефонды да отқа лақтырған. Бірақ баланы өртейді деп кім ойлаған? Әлі күнге дейін сенудің өзі қиын. Масқара, сұмдық дегеннен айтарға сөз жоқ!

Бірақ, баланы пешке лақытарды деп ешкім ойламаған. Күллі жұрттың төбе шашын тік тұрғызған оқиға қарашада болған. Қызы мен 9 жасар немересін нанға жұмсаған әйел сұмдық қылмысқа барған. Яғни, бір жасқа да толмаған немересін лапылдаған отқа сала салған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде