{metadescription}
Түркістанда танымал судья қамауға алынды
Түркістанда танымал судья қамауға алынды

Түркістанда танымал судья қамауға алынды

Ірі көлемде пара алам деп қолға түскен түркістандық судья қамауға алынды. Жәй ғана судья емес, Түркістан қалалық сотының төрағасы болған Омар Серікбаев қазан айының басында 3 миллион теңге алып жатқан сәтінде қолға түскен болатын. Арада екі айдан астам уақыт өткен соң Астананың Есіл аудандық соты Омар Серікбаевты қамауға алу туралы санкция беріп отыр.

Сот жүйесінде 25 жыл істеген Омар Серікбаев былтыр қараша айынан бастап Түркістан қалалық сотын басқарып келген. Қазан айынан бері шендінің ұсталғаны туралы тіс жармай келген құзырлы органдар әзірше судьяның қомақты параны не үшін алғаны туралы тұщымды ештеңе айтпайды. Белгілісі Фемида қызметкері сотталушыға жұмсақ үкім шығарып беремін деп, қамауда отырған азаматтың өкілінен 3 миллион алған екен. Күнгейдің судьялары болса бұрынғы әріптестерін тек жақсы жағынан білетін едік деп аң-таң боп отыр.

Тамара Смайылова, ОҚО сотының өкілі:

   -ҚР Президентінің 564 жарлығына сәйкес судья өкілетігін тоқтата отырып тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату туралы сот жюриі тәртіптік комиссияның шешімі бойынша босатылды. Өзіміз өте таңғалыспен қабылдадық.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде