{metadescription}
Өскеменде адамға лық толы автобус төңкеріліп қалды
Өскеменде адамға лық толы автобус төңкеріліп қалды

Өскеменде адамға лық толы автобус төңкеріліп қалды

Елімізде құбылмалы ауа райы  жұртты әлекке салды. Кей аймақтарда, қарлы боранның соңы жаңбырға ұласқан. Қазір соның салдарынан Өскеменді су басса, Семей көшелері мұз айдынына айналуда.

Ал Павлодар обылысында тіпті осындай ауа райының кесірінен мектептерде екінші күн сабақ өтпей жатыр. Мұнда, өткен тәуілікте қар аралас жауған жаңбырдан кейін Қарағанды, Ақмола, Ресей бағытындағы тас жолдарға шектеу қойылған. 

Бүгінде, көктайғаққа қатысты Павлодар облысында күре жолдарға қойылған шектеулер өз күшін жойған. Дегенмен, мұз айдынына айналған жол жаяу адам түгілі, көлік мінген жүргізушілерді де әлі састыруда. Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын алты мыңға жуық оқушы үшін бүгін сабақ тағы да тоқтатылды. Ал тайғанап құлаған тұрғындар болса, түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр. Екі күннің ішінде аймақтағы ауруханаларға 500-ден астам мертіккен адам түскен. Кеше жолдарға құм төгіп, көктайғақтың алдын алған коммуналдық қызметшілер енді түнімен жауған қалың қарды тазалап әлек.

Салтанат Әкімбекова, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Кеше көктайғақпен күрессек, бүгін коммуналдық қызмет қарды тазалап жатыр. Түнде 63 техника, күндіз 120 техника мен 200-ден аса адам күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.Бүгін шаһар көшелерінен 3000 тоннаға жуық қар шығару жоспарлануда. 

Енді Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да көктайғақтан зардап шегіп отыр. Бүгінде, облыс орталығы –  Өскеменді су басса, Семей көшелері түні бойы жауған жаңбыр мұз боп қатқан. Соның кесірінен қос қаланың мектептеріндегі бірінші ауысымда оқитын 1- 9-шы сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Қымбат Көпбаев, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы:

-Мына жаяу жүрген адамдардан сақ болуын сұраймыз. Сондай-ақ, қала тұрғындарына маңызды болмаса,  алыс жолға шықпауға кеңес береміз.

-Алайда, қос шаһардан қатынайтын маңызды күре жолдарға әлі шектеу енгізілмеген. Ал, Өскемен қаласынан Риддерге бағыт алған автобус көктайғақтан төңкеріліп қалды. Оның ішінде 13 жолаушы болған көрінеді. Олардың жетеуі түрлі жарақатпен, ауруханаға жеткізілген.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде