{metadescription}
Ақышев АҚШ-та бұғатталған 22 миллиардттың тағдырына қатысты мәлімдеме жасады
Ақышев АҚШ-та бұғатталған 22 миллиардттың тағдырына қатысты мәлімдеме жасады

Ақышев АҚШ-та бұғатталған 22 миллиардттың тағдырына қатысты мәлімдеме жасады

Америкалық банк бұғаттап тастаған еліміздің 22 миллиард долларының тағдыры әлі белгісіз болып тұр. Десе де, бүгін Әділет министрі Ұлттық қордағы қыруар қаржыны ешкім алып қоймайтынын айтып, сендірді. Ал, активке жауапты Ұлттық банк шетелдік әріптестерінің әрекеті қаншалықты заңды екенін анықтап жатыр. Айта кетейік, АҚШ-тың беделді  банкі Ұлттық қордың шетелде сақталған 22 млрд долларын бірнеше күн бұрын тыйым салған болатын. Оған Молдова бизнесмені Анатолий Статидің қазақ үкіметіне қарсы соттасуы себеп.

-Қазақ Үкіметі мен молдовалық бизнесмен арасындағы дау осыдан он жыл  бұрын басталған. Яғни, сол кезде қалталы инвестор Анатолий Стати Маңғыстау облысында газ өңдейтін зауыт салу үшін елімізге миллиондаған инвестиция құйыпты.

Бірақ, кейін қазақ мұнайын шетелге заңсыз сатып, алаяқтық жасағаны анықталған. Дегенмен, заңды белшеден басқан инвестор жазаға тартылған жоқ. Бірақ, Қазақстанға салған қыруар қаржысы біздің меншікке өтті. Содан бері капиталын қайтару үшін Қазақстанмен соттасқан шетелдік бизнесмен жақында халықаралық сотта ақыры жеңіп шықты. Шешімге сай, Қазақстан енді Анатолий Статиге 500 миллион доллар шығынын өтеп беруі тиіс. Тіпті, ақшаны қайтарғанға дейін Американың Mellon банкі осында сақтаулы жатқан Ұлттық қордың  22 миллиард долларын бұғаттап тастады. Ал, активке жауапты Ұлттық банк болса, әріптестеріне қарсы арыз түсірген.

ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-Инвестордың сұраған сомасы бұғатталған актив көлемімен салыстыруға келмейді. Біз мұның қаншалықты заңды жасалғанына көз жеткізу үшін шағым түсірдік. Екіншіден, бізде бағалы қағаздарды сақтайтын банкпен келісімшарт ағылшын құқығы бойынша бекітілген. Тиісінше, біз Лондонның жоғарғы сотына жүгіндік. Біздің ойымызша, банк бұл активтерді заңсыз бұғаттады.

Ал, бұл істе Қазақ елінің мүддесін қорғайтын Әділет министрлігі. Ведомства басшысының айтуынша, үкімет молдовалық инвесторға бір тиын да беруге міндетті емес. Сондықтан Лондон сотында Анатолий Статидің алаяқтық жасағанын дәлелдемек. Соттың өзі 2018-дің қазан айына бекітілген.

МАРАТ БЕКЕТАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

-Ешкім 22 миллиард долларды ешкім  алмайды.Бұл активтер біздің меншікте қалады. Қазақстанға тек 1 жарым миллиардтан айырылу қаупі бар. Ол талап арызда көрсетілген сома.

Жалпы, осы қаржылық даудан соң, енді шетел асатын әр тиын қатаң бақылауға алынбақ. Тіпті, Ұлттық қор мен біріңғай зейнетақы қорындағы капитал бірігуі мүмкін. Мұндай бастаманы президенттің өзі көтеріп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті: -Например, в -Норвегии есть хороший опыт. Они пенсионные деньги объединили с национальным фондом, как у нас есть. Стал единый фонд такой, который более надежный для людей, для всех. Может мы тоже пойдем по этому пути. Но контроль за этими деньгами государству нельзя упускать, это я понял. Все равно государство отвечает перед людьми за пенсии.

-Яғни, Зейнетақы қорындағы ақша Ұлттық қорға құйылатын болса, оны бақылау әлде қайда жеңіл болады дейді президент. Қазір, Елбасының осындай ұсынысынан кейін Ұлттық банк төрағасы дереу Норвегиялық тәжірибені меңгеруге кірісіп кетті. Бірақ, Данияр Ақышев екі қорды біріктірудің әзірге қажеті жоғын айтып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде