{metadescription}
Аслан Мусиннің ұлының өліміне не себеп болғаны тексеріліп жатыр
Аслан Мусиннің ұлының өліміне не себеп болғаны тексеріліп жатыр

Аслан Мусиннің ұлының өліміне не себеп болғаны тексеріліп жатыр

Латвия астанасында президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы қайтыс болды. Мұны еліміздің Сыртқы істер министрлігі растап отыр. Бірақ, 38 жастағы Асылбек Мусиннің неден көз жұмғаны белгісіз. Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, соңғы жылдары Ригада тұрып жатқан жерлесіміз өз-өзіне қол салған.

Қазір ригалық полицейлер куәгерлерден жауап алып, өлімге нақты не себеп болғанын анықтап жатыр. Латвиядағы қазақ елшілігі де, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Марқұмның өзі Қазақстанда «құраншылдар» сектасының белді мүшесі болған деп бұған дейін ақпарат құралдары талай жазды. Тіпті, әкесі лауазымды қызмет атқарып тұрғанда Асылбек Мусин Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбедегі департаментінде діни дәріс оқыды деген ақпарат тараған. Бірақ, бұны құзырлы органдар ешқашан растаған емес. Өзінің бір сұхбатында 38 жастағы кіші Мусин өмірден өз орнын табу үшін саяхаттап жүргенін айтқан екен. Алдымен, Сирияда кейін Сауд Арабиясында одан соң Америкада тұрды. Ал Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин Хорватиядағы елшілік қызметін атқарып болған соң биыл қаңтарда саясаттан кетіп, зейнеткерлікке шыққан болатын. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.