{metadescription}
Алматылық таксист шетелдік туристті әуежайдан қонақ үйге жеткізгені үшін 40 мың теңге алған
Алматылық таксист шетелдік туристті әуежайдан қонақ үйге жеткізгені үшін 40 мың теңге алған

Алматылық таксист шетелдік туристті әуежайдан қонақ үйге жеткізгені үшін 40 мың теңге алған

Аңғал америка азаматы өзінің алданғанын отельге жеткеннен кейін бірақ түсінген.

Қонақ үй қызметкерлері бірден полицияға хабарласқан. Құзырлы органдар сүт пісірім уақытта жүргізушінің аты-жөнін анықтап, ұстаған. Оңай олжаға кенелуді көздеген таксист шетелдіктің қаланы білмейтінін пайдаланып, қызмет құнын қымбат айтыптыв. Бірақ, жымысқы әрекеті жүзеге асқанмен, әшкере болған Алматы тұрғыны 53 жастағы Америка азаматының ақшасын қайтарып берді.

Юлия Мельник, маркетинг бөлімінің басшысы:

-Шетелдік қонақ Қазақстанға бірінші рет келіп отыр. Әрине, әуежайдан түсе сала болған жағдай оған ұнамады. Мұндай жайт жиі болып тұрады. Негізі әуежайда жүретін заңсыз таксисттерді қатаң қадағалауға алу керек. Осынадай әрекеттері шетелдіктердің еліміз туралы теріс пікірін тудырады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде