{metadescription}
"Болашақ" бағдарламасымен оқуға кеткен экс-сенатордың ұлы АҚШ-та ажал құшты
"Болашақ" бағдарламасымен оқуға кеткен экс-сенатордың ұлы АҚШ-та ажал құшты

"Болашақ" бағдарламасымен оқуға кеткен экс-сенатордың ұлы АҚШ-та ажал құшты

35 жастағы Асқар Жұмабаев Нью-Йорк университетінің магистранты болған.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Қайтыс болған адамның денесі бүгін біздің Нью-Йорктегі бас консулдықтың көмегімен Қазақстанға жеткізілген. Америкалық дәрігерлердің ақпараты бойынша қайтыс болудың себебі жүректің тоқтауы болды.

Асқар Жұмабаев экс-сенатор Ермек Жұмабаевтың ұлы. Оның соңында әйелі мен екі баласы қалды. Олар да әкелерімен бірге қаралы рейспен Қазақстанға қайтарылды. Осымен екі күнде бөтен елде қос бірдей саяси қайраткердің балалары қаза тауып отыр. Кеше Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин де Латвия астанасы Ригада белгісіз жағдайларда көз жұмған болатын. Бүгін Сыртқы істер министрлігі Асылбектің он бесінші қабаттан құлап өлгенін мәлімдеді. Марқұмның жақындары мәйітті танып, елге қайтару үшін Ригаға ұшып кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде