{metadescription}
Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып бір адам көз жұмды
Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып бір адам көз жұмды

Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып бір адам көз жұмды

Жылу қазандығы жарылды! Ақмола облысының Щучье қаласында болған төтенше жағдайдан бір адам қаза тапқан. Оқиға «КөкшетауЭнерго»компаниясына  қарасты серіктестіктің  қазандығында орын алды. Жарылыс дүмпуінің қатты болғаны соншалық, нысанның қабырғалары қақырап, бетон жабындылары  құлап түскен. Апаттың кесірінен тұрғындар қақаған  аязда  жылусыз қалып отыр.

-Күлі көкке ұшқан қазандық қирандыларының астында бір адам қалып қойған. 56 жастағы оператордың өлі денесін мына жерден қазып алды. Ол жарылыс болған кезде жұмыста отырыпты.

Толыққанды жұмыс істеп тұрған қазандық кенеттен жарылған. Осы кезде жұмысында отырған қазандық операторы сыртқа шығып үлгермеген сыңайлы. Жарылыстың тым қатты болғаны сонша, төбенің бетон жабындыларын бөлшектеп тастаған. Қазандық пеші де қақ айрылыпты. Терезелері ұшып, нысанның қабырғалары қақырап кеткен.

 Алексей Советов, Ақмола облыстық ТЖД-нің бастығы:

-Электр компаниясына тиесілі бу қазандығында орын алған төтенше жағдайдың қазір себеп салдары тексеріліп жатыр.Сол үшін арнайы комиссия құрылды.Тұрғындарды болған жағдаймен құлақтандырдық. Жылу тоқтатылғандықтан оларды уақытша орналастыруға мүмкіндік жасалды.

Электр компаниясы электр қуатын ғана таратып қоймай бұл қазандықтан осы шағын аудандағы үйлерге жылу беріп келген. Қазір шағын ауданда көпқабатты екі үй мен алты жер үй және жеке меншік емхана жылусыз қалды. Ал өңірде аяз болса қысып барады. Оқиғаны өз көзімен көрген тұрғындар жақын арада жылу бола қояр ма екен деп алаңдаулы.

Любовь Ильина,Щучье қаласының тұрғыны:

-Жарылғанда бүкіл ауланы түтін бе,бу ма алып кетті.Терезеден көріп қалып зәреміз ұшты.Бәрі далаға жүгірді. Қазір міне, батареялар суып барады,қатып қалмаса жарайды. Өйткені күн де суытты. Жылу берсе екен деп отырмыз.

Оқиға болған жерге кештетіп аудан әкімі Қанат Қарауылов та келді. Әйтсе де, шенеуніктен қандай да бір жауап алу мүмкін болмады. Келе сала апатқа қатысты сұрақ қойған түсіру тобына айқайлай жөнелді.  Ашулы аудан әкімі қазандық қашан жөнделіп, қашан жылу берілетінін айтпады. Келгенінен кеткені тез болды. Апатқа ұшыраған қазандық пештері 2013-2014 жылдары жаңадан ауыстырылған екен. Енді жарылыстың неден болғанын оқиға орнында жұмыс істеп жатқан комиссия анықтамақ. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.