{metadescription}
Көкшетауда жұртты дүрліктірген ұры қолға түсті
Көкшетауда жұртты дүрліктірген ұры қолға түсті

Көкшетауда жұртты дүрліктірген ұры қолға түсті

Көкшетауда бір айда дүкендерді мен басқа да мекемелерді тонаған әккі ұры қолға түсті. 21 жастағы күдікті оларға пластик есіктерді бұзып кірген. 

Оның қатысы бар тонау деректері өткен жылдың қараша мен желтоқсаны аралығында бірінен соң бірі тіркелген. Бір айда бірнеше кәсіпкердің жеке меншігіне қол сұққан ұры түн қараңғылығын тосып, дүкендерден ақша, бағалы тауарлар, тіпті  шамасы жеткенше азық-түлік көтеріп әкетіп жүрген. Осындай « түнгі жорықтарының» бірінде ол бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Күдікті содан кейін анықталды. Ол 10 дерек бойынша қылмыстық әрекетін мойындаған. Ол тіпті Көкшетаудағы тіс емханасына кіріп, 350 мың теңге алып кеткенін де айтып беріпті. Біреудің жеке мүлкіне қол сұққан жігіт ұрлықпен оқушы кезінен айналысқан болып шықты. 

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Көкшетаудың 21 жастағы тұрғыны қазір уақытша қамау абақтысында отыр. Ол 13 жасында осындай әрекетке барып, істі болған. Қазір оның басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде