{metadescription}
Саакашвилиді өз отаны 3 жылға сырттай соттап жіберді
Саакашвилиді өз отаны 3 жылға сырттай соттап жіберді

Саакашвилиді өз отаны 3 жылға сырттай соттап жіберді

Тбилиси қалалық сотының үкіміне сай, бұрынғы президент қызметін асыра пайдаланыпты. Ал сотталушының өзі болса, бүгінде Украинада саяси дүрбелең жасап жүр.

Тергеу мәліметтері бойынша, Михаил Саакашвили ел басқарып тұрған шағында Грузия біріккен банкінің қызметкерін өлтіріп, түрмеде отырған 4 полиция қызметкеріне кешірім жасаған. Бірақ, Украинаның Сыртқы істер министрлігі Грузия тарапымен ешқандай экстрадиция мәселесі туралы сөйлесіп жатпағанын мәлімдеді. Айта кетейік, Михаил Сакашвили Грузияны 2004-2013 жылдары басқарған. Қазіргі уақытта өз елінде оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Ал бірнеше күн бұрын Украинаның республикалық көші-қон қызметі де босқын ретінде оған саяси баспана беру туралы Саакашвилидің сұрауын қанағаттандырмай тастаған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.