{metadescription}
Теміртауда ақ қардың түсі қара күйеге айналып кетті
Теміртауда ақ қардың түсі қара күйеге айналып кетті

Теміртауда ақ қардың түсі қара күйеге айналып кетті

Теміртау тұрғындары қап-қара түтінге тұншығып жатыр. Бірнеше күннен бері қала аспанын басқан түтін шаһардағы ақ қарды да қара күйеге айналдырған. Тұрғындар түтіннің кесірінен далаға шығып, еркін тыныс алудан қалдық дейді. Айтуларынша, қара күйе металлургиялық комбинаттан шыққан түтінмен келіп жатыр. Ысқа қақалып, қара қардан ығыр болған жұрттың арызынан соң қала билігі  Қарағанды облыстық экология басқармасына хат жолдаған. Сондықтан құзырлы орган металургиялық комбинатқа тексеріс жүргізуге кірісті.

Теміртау тұрғыны Серік Теміров қазір 3 баласын есік алдына шығаруға қорқады. Себебі, қарға аунап жүрген ойын баласы үйге шаң-тозаң мен қара күйе жабыстырып кіреді екен. Оның үстіне бір ұлын бірнеше күннен бері жөтел қысып жатыр.

Серік Теміров, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Алаңға балаларды шығарып ойнату қиын. Себебі мынау шаң, кір. Үйге балалар кіргенде, үйге лас боп кіреді. Осынадй экологиялық шығындар адамның өміріне зияныны тигізеді деп ойлаймын. Бұған арнайы бір эколог немесе медик болудың қажеті жоқ, былай-ақ та көрініп тұр.

Қала жұртының комбинаттан шығатын қара түтінге еттері үйренген. Дегенмен, биылғы жағдай оларды да шошытып отыр. Ақ қардың үстіне көп уақытта жиналатын күйе бұл жолы бірнеше күнде-ақ айналаны қара қожалақ еткен. Теміртау билігі мәселенің өткірлігін мойындайды. Айтуларынша металлургиялық комбинаттан ауа қабатына шығатын қалдықтардың көлемі жиі артып отырады. Былтырдың өзінде экология басқармасы тексеріп, 600 миллион теңгеден аса айыппұл салған екен. 

 Владислав Цай, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

-Экология департаменті Теміртаудағы экологиялық ахуалды зерттеуі керек. Ол үшін қала маңындағы өндіріс орындары тексеріледі. Бұл ең алдымен «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының өндіріс орнына қатысты. Олардың ауаны қаншалықты ластап жатқаны анықталуы керек.

Тәуелсіз сарапшы, эколог Дмитрий Калмыковтың айтуынша, экология мәселесін заң жағынан реттеу керек. Өйткені елімізде өндірістен ауа қабатына шығатын қалдықтың нормасы басқа елмен салыстырғанда жоғары екен. Сонымен қатар, ауаның ластануын есептейтін құрылғылар жеке компания емес, мемлекетке тиесілі болуы шарт.  

Дмитрий Калмыков, эколог: 

- Негізінен, бұл дұрыс. Бір қалаға осындай 3-4 құрылғы орнатылады. Оның ақпараты ғаламторға шығып отыруы керек. Сонда біз лас қалдықтардың қай зауыт немесе өндіріс орнынан келіп жатқанын бірден біле аламыз. Содан кейін олар жауапқа да бірден тартылады және ауаны ластамауға  тырысады. Ал бізде мұндай ақпаратты өндіріс орындарының өздері береді де, құзырлы органдар соның негізінде қоыртынды жасап қана отырады.

Эколог осы мәсеселер реттелмейінше тұрғындардың денсаулығын қатерге тіге береміз дейді.

-Қара күйе басқан қаланың тұрғындары түтінге тұншығып-ақ отыр. Бұл жыл сайын қаталанатын жағдай. Ал «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының қалаға күйе келтірмейтін жаңа заманға сай құрылғы орнатамыз деген құрғақ уәдесін қайталай беруден жалығатын түрі жоқ.  

Алпауыт компания өкілдері экологияны қорғау бағытна жылына 100 миллион теңгеден аса қаражат бөлінеді деп қысқа қайырды. Теміртау халқының жанайқайы мен биліктің өтінішінен кейін, экология басқармасы комбинатты тексеруге кірісті. Қортындысы жақын күндері айтылмақ. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.